Кентау қаласының тұрғыны Алтынай Қартабаева мемлекеттен қайтарымсыз грант жеңіп алып, массаж кабинетін ашқан. Бүгінгі таңда қала тұрғындарына қызмет көрсетуде. Мемлекеттен берілген грант қаражатына қажетті орындықтар, фито-бөшке, денеге массаж жасайтын аппарат сатып алған.
Еңбекқор ана нүктелі массаж жасауды Қытай еліндегі Үрімжі қаласына барып үйренген. Кейін Астана, Алматы, Шымкент қалаларына барып, арнайы массаж курстарынан өтіп, біліктілігін арттырған. Осылайша арнайы орталық ашып, халыққа қызмет көрсетіп келеді. Тәжірибелі маманға ем іздеп келушілердің қатары көбейіп, сырқатынан айыққандар ризашылық білдіруде.
2024 жылы Түркістан облысында Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1793 грант беру жоспарланған.
Ашық форматта өткен комиссия отырысы аудан, қала көлемінде Мансап орталықтарының әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы көрсетілді.
Жаңа бизнес-идеяларды қолдауға арналған жобаға облыс көлемінде 1-лек бойынша 2 471 азамат өтінім білдірген. Бизнес-жобаларын қорғауға 2 097 азамат қатысты. Нәтижесінде биылғы жоспарға сәйкес 897 азаматтың бизнес-жобасы мақұлданды. Ал қалған 374 азамат белгісіз себептермен комиссия отырысына қатыса алмаған.
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тұрғындармен кезекті кездесуі Қазыбек би ауылдық округінде жалғасты. Аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров, аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын судан зардап шеккен азаматтарға арнап салынатын тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылып жатыр. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев аудандағы жұмыссыз жүрген жастарды еңбекпен қамтып, әлеуметтік жағдайын дұрыстауға атсалысу мақсатында осындай […]
Қоғамның тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – кез келген елдің басты мақсаты. Осы орайда бұл жауапты міндетті иығына артқан полиция қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Олар күндіз-түні тыным таппай, заңның үстемдігі мен тәртіптің сақталуы үшін аянбай […]
Пікір қалдыру