Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауылдық округінде бір қабатты 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінде нысанның іргетасы құйылып, қабырғасы қаланып жатыр. Пәтерлер 2024 жылдың қараша айында пайдалануға берілмек. Нәтижесінде 16 отбасы баспаналы болмақ. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ғимараттардың құрылысымен танысып, жауапты мекеменің жұмысын бақылады.
Айта кетсек, Сауран ауданында 1 198 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, 358-і өзге аудан-қалалардан келіп жұмыс істейтін азаматтар. Сонымен қатар, бүгінде ауданда әкімшілік және прокуратура ғимараттары пайдалануға берілген. Одан бөлек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция бөлімі және аумақтық органдары ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы Түркістан облысында биыл жалпы 224 тұрғын үй (2 469 пәтер) құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың басым бөлігі — көпқабатты тұрғын үйлер. Құрылыс сапасы — басты назарда.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров облыстық құрылыс басқармасы мамандарымен Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтарал, Шардара аудандарында бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің жұмыс барысын қадағалап, аудан әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері мен медігер мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылыстың сапасына басты назар аударып, тұрғын үйлердің сейсмоқауіпсіздігінің сақталуына қатаң бақылау жүргізуді тапсырды. Бастысы – құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес аяқталуы тиіс. Құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді ескертті.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Өргебас және Фирдоуси ауылдарының тұрғындары үшін үй жихаздары тарту етілді. «Астана Моторс» компаниясы жалпы құны 50,5 млн теңгеге жаңа жиһаздың 426 жиынтығын сыйға тартты. Жатын бөлмелердің алғашқы топтамасы жаңа қоныстанушыларға […]
Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандарға құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін тиісті органдармен «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шараға облыстық Қоғамдық даму басқармасының өкілдері, Жастар ресурстық орталығының психологтары мен қалалық емхана, Жұмыспен қамтуды үйлестіру […]
Түркістан қаласында этноауыл экспозияциясы ашылды. Бұл жоба өткен ғасырлардың тарихынан сыр шертетін Қ.А.Яссауи мұражай-мемориалдық кешенінің органикалық жалғасына айналды деуге болады. Себебі, мұнда келген жан қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және мәдениетімен анағұрлым жақынырақ танысады. Өткен […]
Пікір қалдыру