ТҮРКІСТАН: ПРОБАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАРҒА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандарға құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін тиісті органдармен «Ашық есік» күні өткізілді.
Іс-шараға облыстық Қоғамдық даму басқармасының өкілдері, Жастар ресурстық орталығының психологтары мен қалалық емхана, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары қатысты.

Ондағы мақсат жазасын өтеп шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеп, оларды жұмыспен қамтамасыз ету, құқықтық көмек көрсету, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру және кәсіпкерлікке үйрету болып табылады.

Жиын барысында әр түрлі сала мамандары сотталғандарға өзінің жеке кәсіпкерлік ісін бастау үшін жеңілдетілген несие алу жолдары, тұрақты жұмысқа орналасу және жеке басын анықтау құжатын қалпына келтіру бойынша ақпарат беріп, түсіндірме жүргізді. Ашық есік күніне келгендер көкейдегі сұрақтарына толыққанды жауап ала алды. Мұндай іс шаралар сотты болған, заң алдында жауапкершілікке тартылған азаматтардың қоғамға бейімдеуге сеп болары анық.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*