Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кентінің тұрғындары мен автокөлік жүргізушілері үшін қуанышты жаңалық. Биыл «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында кент аумағындағы 7 көше толығымен жөндеуден өтіп ел игілігіне пайдалануға берілсе, 8 көшеге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Аталмыш көшелер ағымдағы жылдың қараша айында аяқталмақ.
Бүгін аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы жоғарыда аталған жол жөндеу жұмыстарын арнайы аралап, бүгінгі жай күйімен танысты. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан 1,5 шақырымды құрайтын Б.Момышұлы көшесін жаяу аралап шыққан аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне жол сапасына қатысты біршама сындар айтып, бірінші қабаты төселген жол төсенішінің екінші қабатын сапалы, әрі қалындығы 7 см кем болмау қажеттігін ескертті. Және екінші қабатын төсеу жұмыстары басталған уақытта жауапты мекеме басшысымен ауыл әкіміне жұмыстың сапалы болуын бақылауда ұстауды тапсырды.
Жол құрылысы жүріп жатқан көшелерді толық аралап болған соң Нұрлан Мархабатұлы аудандық түрғын-үй комуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына жөндеуден өтіп жатқан ішкі жолдардың шетіне тас төсеу жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар жол құрылысы жұмыстарын күзгі жаңбырға жеткізбей қарқынын күшейту қажеттігін атап өтті. Жол сапасын Түркiстан жол лабораториясы мекемесімен бiрге сапасын қатаң бақылауды тапсырды.
Содан соң аудан басшысы кент шегіндегі инфрақұрылым жүргізіліп жатқан аймаққа табан тіреп, ондағы жұмыс барысымен танысты.
Түлкібас кентінде 34,6 га жерге (127 жер телімі) инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгінгі таңда электр желісі 100 пайыз тартылып, ауыз су жүйесін жүргізу 65 пайызға аяқталып отыр. Сондай-ақ, аталмыш аймақта заманауи кәріздік сорғы станциясымен кәріздік суларды тазалау орындарының құрылысы іске асуда. Кәріздік жүйенің ерекшелігі тұрғындар пайдаланған кәріз суын қайта өңдеп, өңделген таза суды егін суғару мен балық шаруашылығына пайдалануға болады дейді мамандар.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру