Түркістан облысының тұрғындарын баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар ауқымды. Облыс аумағындағы барлық аудандарында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Жаңа ғимараттардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында.
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Мыңшұңқыр елдімекені мен Шәуілдір ауылында салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешеніне арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында биыл ауданда Мыңшұңқыр елдімекенінде 4 қабатты 32 пәтерлі 1 тұрғын үйдің және Шәуілдір ауылынан 1 қабатты 2 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Өз кезегінде аудан әкімі құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлермен кездесіп, құрылыстың сапалы және мерзімінде аяқталуын тапсырды.
Жалпы қазіргі таңда Отырар ауданында тұрғын үй кезегінде 2 374 азамат тіркелген. Оның ішінде, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары санаты бойынша — 751, көпбалалы отбасылар тобы — 800, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша — 50, мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар – 771, апатты жағдайдағы тұрғын үйлер санаты бойынша 2 азамат бар.
Облыс көлемінде биыл жалпы 2469 пәтер салу жоспарланған. Атап айтқанда, Қазығұрт және Созақ аудандарында 36 пәтерлі, Мақтаарал ауданында 56 пәтерлі, Бәйдібеке 21 пәтерлі, Жетісай және Сарыағаш аудандарында 90 пәтерлі, Келесте 106 пәтерлі, Ордабасы және Шардара аудандарында 120 пәтерлі, Отырар ауданында 50 пәтерлі, Сауранда 64 пәтерлі, Төлеби ауданында 118 пәтерлі, Түлкібаста 68 пәтерлі, Сайрам ауданы, Арыс және Кентау қалаларында 60 пәтерлі тұрғын үйлер бой көтеруде. Сонымен қатар облыс орталығында 1 314 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2024 жылдың соңына дейін 221 үйдің құрылысы аяқталып, 2469 пәтер кезекте тұрған азаматтарға пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Аталған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы облыстық құрылыс басқармасының мамандарының да тұрақты бақылауына алынған.
Түркістан облысында ауыз су саласына 2023 жылы 70 нысанның құрылысына бюджеттен 18,6 млрд. теңге бөлініп, 36 нысан құрылысы аяқталды, қалған 34 нысан 2024 жылға өтпелі болды. Нәтижесінде 20 елді мекен ауыз сумен қамтылды, 9 елді […]
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ашылған жаңа дәрігерлік амбулаториясы Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінде пайдалануға берілді. Айта кету керек, ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен аудандық […]
Бүгін Түркістан облысында қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Жеңіс саябағында» «Адамзаттың Абайы» атты мерекелік жиын өтетін болады. Бұдан бөлек, облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталығында «Ұлы даланың ұлы ақыны – Абай» атты онлайн […]
Пікір қалдыру