Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округінінің тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі баяндалды. Осы ретте аудандағы Қызылжар және Жаскешу елді мекендеріндегі 11 көшенің 7,4 шақырым жолы орта жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, Қызылжар елді мекеніндегі Т.Балабеков көшесіне 460 метр аяқжол салынды.
Сонымен қатар, бүгінде Жаскешу елді мекенінде «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, ойын мен воркаут алаңшасының құрылысы жүргізіліп, ел игілігіне берілді. Кездесу соңында аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Сондай-ақ,Қызылжар ауылдық округіне қарасты Қазыбек би, Әйтеке би, Достық, Жеңіс көшелеріне жалпы ұзындығы 1,9 шақырымды және жалпы ұзындығы 2,8 шақырымды құрайтын О.Есенбеков, И.Жансүгіров, Мекенбай ата көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Осы тұста, аудан әкімі Арман Абдуллаев асфальт төсеу жұмыстарының барысын қадағалап қайтты. Сондай-ақ, жол құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекемеге асфальт төсеу жұмыстарының сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды.
Айта кетсек Қызылжар ауылдық округі бойынша жергілікті бюджет есебінен жалпы ұзындығы 7,3 шақырымына оратша жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Түркістан облысында инвестиция тарту жұмыстары өте қарқынды жүріп жатыр. 2023 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 857,6 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар (451 млн. АҚШ доллары) 190,1%-ға орындалды. 2024 жылға негізгі капиталға салынған инвестициялар индикаторы […]
Түркістан облысы Түлкібас ауданында тұрғындардың өтінішіне сәйкес Балықты ауылына қарасты Панюкова, Майтөбе ауылына қарасты Сүйінбай және Таусағыз елді мекеніндегі Жандосов көшесіне түнгі жарықтандыру шамдары орнатылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл жайында бүгін аудан әкімінің төрағалығымен […]
Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалған. Мемлекет тарапынан қолдау да бар. Облысқа қарасты аудан, қалаларда жыл сайын отбасылық кәсіппен айналысатын азаматтар қатары көбеюде. Төлеби ауданында инвестициялық жобалардың саны артып келеді. Төлеби ауданының […]
Пікір қалдыру