ТҮРКІСТАН: ЖҰМЫСШЫ ТОП МҮШЕЛЕРІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевтың төрағалық етуімен санитарлық нормаларды сақтай отырып мобильді топ отырысы өтті.

Жиынға қалалық ауруханаларда, жекеменшік дәріханаларда дәрі- дәрмек тапшылығын жою мақсатында, қала әкімінің тапсырмасымен құрылған арнайы мониторингтік топтың жауапты мамандары қатысты.

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында қала әкімдігі жанынан құрылған 2 мобильді топ күндіз және түнгі мезгілде рейд жұмыстарын тұрақты жүргізуде.

Рейд барысында кәсіпкерлік нысандар оның ішінде дүкендер, дәмханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындары, көлік жуу орталықтары, таксисттер тұрағының күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауы, жұмыс уақыттары тексеріліп, саудагерлер мен тұрғындарға қоғамдық орындарда коронавирус инфекциясын жұқтырмау үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес берілуде.

Тексеріс жұмыстарының нәтижесінде қойылған талаптарға бағынбаған кәсіпкерлерге заңға сәйкес шара қаралады.

Аталған бағытта жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*