Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты азаматтар көп жиналатын мәдени іс-шаралар, отбасылық кештер, мерекелік жиындар тоқтатылған болатын.
Осындай кезеңде тәртіпке бағанып, бірлесе індетті жоюға ат салысу барлығымыздың азаматтық борышымыз екені белгілі.
Өкінішке орай кейбір азаматтарымыз карантин талаптарына немқұрайлы қарап, той-тойлап жүргені жасырын емес.
Осыған орай, бүгін Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында қала әкімінің орынбасарлары Р.Айтбаев, С. Дәрібай санитарлық нормаларды сақтай отырып қаламыздағы бірқатар тойхана иелерімен жиын өткізді.
Жиын барысында тойхана иелеріне тұрғындар қауіпсіздігі үшін барлық санитарлық талаптарды сақтап, жалпы қойылған шектеулерді, оның ішінде көпшілік жиындарды және ұжымдық шараларды өткізбеу (әртүрлі тойлар, ас-жиындар, кездесулер, т.с.с.) туралы түсіндірме жұмыстары айтылып, карантин талаптарын бұзған жағдайда заңға сәйкес шара көрілетіндігі ескертілді.
Бүгінгі таңда Арыс қаласы бойынша карантин талаптарын сақтамағаны үшін 171 кәсіпкерлік нысанға ескерту беріліп, 3 жеке кәсіпкерге әрқайсына 230 АЕК (638 мың 940 теңге ) көлемінде айыппұл салынды.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру