Мемлекет басшысының электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды алып тастау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 2024 жылғы 1 мамырдан бастап заңды тұлғалар үшін электр энергия тарифі 12,4%-ға төмендетілді. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Думан Қалибеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
— Департамент биыл 1 сәуірден бастап реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін лицензиялардың қолданылуын тоқтатты. Тарифті төмендетудің алғышарты — тұтынушылардың электр энергиясын кепілді жеткізушіге ауысуы болды. Бұл тиісінше тарифтің өзін төмендетуге әсер етті. Электрмен жабдықтау қызметтерін үздіксіз алу үшін Шымкент қаласы мен Түркістан облысының заңды тұлғаларына «Энергопоток» ЖШС-мен тиісті шарт жасасу ұсынылады-, деді спикер.
Сонымен қатар, департамент басшысы «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Департамент 2 табиғи монополия субъектісімен бірқатар келісімге келген. Оның бірі — «Кентау Сервис» МКК-мен жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметі бойынша 5 жылдық шекті тарифтер бекітілген. Ал, екінші нысан — «Түркістан су» МКК үшін су құбыры желілері мен өрт сөндіру гидранттарын жөндеуге 161 млн 637,23 мың. теңге бекітілген.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын судан зардап шеккен азаматтарға арнап салынатын тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылып жатыр. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев аудандағы жұмыссыз жүрген жастарды еңбекпен қамтып, әлеуметтік жағдайын дұрыстауға атсалысу мақсатында осындай […]
Төлеби ауданында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Тур аясында журналистер алдымен Қаратөбе ауылдық округіндегі шағын су электр станциясының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жеке инвестор «Тау Энерго» ЖШС тарапынан салынып жатқан станцияның қуаттылығы сағатына 3,2 МВТ құрайды. […]
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу мен инвестиция тарту жұмыстарына басымдық берілген. Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында. Нәтижесінде инвесторлар үшін Түркістан облысында бизнес климат қалыптасуда. Облыс көлемінде 594 гектарды құрайтын 10 […]
Пікір қалдыру