Қазіргі өзекті,әрі қазіргі адам баласының ең маңызды нәрселерінің бірі-интернет.
Бүкіл ғаламшардың көзі,бұл интернет желісі деп нақты айта аламын. Ойланып қарасақ,адам баласы бір мезетте интернетсіз жүре алмайды,бұл мүмкін емес,себебі интернет ғаламшардағы барлық нәрсенің көзі.
Түркістан қаласының «Яссы» тұрғын алқабы үй жағдайындағы интернет желісімен қамтылуда. Бұл сектордың тұрғындары енді озық GPON технологиясының арқасында жоғары жылдамдықты интернетті, цифрлық теледидарды және жоғары сапалы ұялы байланысты пайдалана алады. «Beeline» компаниясының жаңа технологиясы абоненттеріне қазірдің өзінде қолжетімді.
– Қазіргі уақытта «Яссы» және «Отырар» тұрғын үй алқаптарындағы жеке секторларды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін Түркістан қаласының барлық жеке секторларын толық қамту жоспарланып отыр. Қаржыландыру жекеменшік инвесторлардың есебінен жүзеге асырылады. Басқарма тарапынан инфрақұрылым мәселелері бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз, – дейді Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков.
«Beeline» компаниясының Түркістандағы тіркелген байланыс бизнесін дамыту бөлімінің басшысы Ержан Қошмаханбетовтың айтуынша, GPON технологиясының негізгі артықшылықтарының бірі – оның тұрақты деректерді беру жылдамдығы, сондай-ақ, сыртқы кедергілерден қорғалуында. Соның арқасында интернет, тіпті, шалғай елді мекендерде де жылдам әрі бірқалыпты жұмыс істейді. Технология деректерді оптикалық талшық арқылы 1 Гбит/с жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бүгінде Түркістанда «Яссы» және «Отырар» тұрғын алқабындағы 8 мыңнан астам тұрғыны бар 2 мыңға жуық үй аталған технологияға қосылған.
Түркістан облысы әкімі Дархан Амангелдіұлы Сайрам ауданына сапары барысына «Оңтүстік Қазақстан Индустриалды-инновциялық колледжінде» болды. Оқу ордасы машина жасау, бөлшектерін дайындау сондай-ақ жалпы өндіріс саласының мамандарын даярлайды. Ақсукент ауылында орналасқан колледжінде болған облыс әкімі Дархан Сатыбалды […]
Түркістан қаласында жастар жылына орай, алғаш рет көпфункционалды заманауи, жаңа үлгідегі «Жастар ресурстық орталығы» ғимараты ашылды, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Салтанатты ашылу рәсіміне, өңірлік жастар форумына ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Ж.Омарбекова мен облыс әкімі Ж.Түймебаев, сонымен қатар […]
Түркістан облысында рекордтық өнім – 3,3 миллион тонна көкөніс жиналды. Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 1 триллион теңгеден асып, бұл өңірдің осы көрсеткіш бойынша республикада көш бастауына мүмкіндік берді. Облыстың басқа салаларында да өсу динамикасы […]
Пікір қалдыру