Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы ұйымдастыруымен жүйелі таңғы жаттығу сағаты өткізілуде.
Әр сектордың ашық алаңында өткізілетін шараға бұған дейін 300-ге тарта тұрғын қатысқан.
Мекеме директоры Нұрланәлі Сыздықовтың айтуынша бұдан бөлек тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ұстануды мақсат еткен түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Мектеп оқушылары үшін клубта тегін спорттық үйірмелер, атап айтқанда, шахмат, үстел теннисі, футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, стритбол
сынды спорт түрлерінен келіп жаттығуға жағдай жасалған.
Айта кетейік, аталған үйірмелерге қатысу тегін. Онда 6- 16 жас аралығындағы балалар шыныға алады. Ол үшін +7 776 991 1191 (Амандық), +7 707 222 1710 (Фариза) байланыс нөміріне хабарлассаңыз болғаны.
Түркістанда би жанры бойынша «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық өнер фестивалі өтті. «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде қатарынан екі күн бойы жалғасқан байқау Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған үйірмелер арасында өткен […]
Дені сау ұлт қалыптастыру – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі. Ал денсаулықтың кепілі спорт екенін жақсы білеміз. Сол үшін де мемлекет тарапынан спорт саласына әу бастан қолдау көрсетіліп келеді. Еліміздің оңтүстік бөлігінде футболға деген […]
Еліміздің киелі де, қасиетті рухани астанасы — Түркістан облыс орталығы болғалы барлық жағына қарқынды дамып келеді. Оның бірден бір дәлелі бүгінгі Халықаралық деңгейде өтіп жатқан марафон. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыруымен Turkistan Marathon […]
Пікір қалдыру