Түркістанда би жанры бойынша «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық өнер фестивалі өтті. «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде қатарынан екі күн бойы жалғасқан байқау Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған үйірмелер арасында өткен болатын.
Дарынды балаларға қолдау көрсетуге, өскелең өрендеріміздің шеберлігін шыңдап, өнерге ынталандыру мақсатындағы байқауға жас би ұжымдары екі кезең бойынша өнерлерін ортаға салды. Алғашқы кезеңде халық биін билесе, ақтық кезеңде өз таңдауларына сай еркін тақырыптағы биді биледі.
Би байқауында ҚР Мәдениет қайраткері, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің хореография мамандығының аға оқытушысы Гүлнәзия Тәуекелова, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының мәдени ұйымдастырушысы Зағипа Өмірзақова және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің «Спорт және өнер» факультетінің декан орынбасары Меңдіғани Жүсіпбаев қазылық етті.
Сайысқа облыстың әр аудан, қалаларынан келген 60 би ұжымы бақ сынады. Қазылар алқасының шешімімен I орын Жетісай ауданының «Аққу» би тобына бұйырды. Ал жүлделі II орынды Сайрам ауданынан қатысқан «Жұлдыз» би ансамблі мен Жетісайдан келген «Бегайым» би ансамблі иеленді. Жүлделі III орынды Түркістан қаласының «Амина» би тобы, Арыс қаласының «Dance Stars» би тобы және Отырар ауданының «Бақыт айдыны» би ансамблі қанжығаларына байлайды. Бұдан бөлек үздік деп танылған би ұжымдарына арнайы жүлделер табысталды.
Айта кетейік, бұған дейін аталған фестиваль ән жанры бойынша өткен болатын. Жыл соңына дейін актерлік шеберлік, көркем сөз оқу және қылқалам, қолөнер шеберлері мен киім дизайны жанрлары бойынша өткізілмек.
Әлемді қазірде табиғатты қорғау, сақтау мәселесі көбірек алаңдатады. Бұл үрей кейінгі кездері айтып келмейтін апаттардың жиілеуімен күшейді. Сәйкесінше, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған кешенді шаралар бекітіліп, жүзеге асырылып жатыр. Елімізде де қолға алынған жоба, бағдарлама аз […]
Қала әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте тазалыққа жауапты жеке кәсіпкерлер өзекті мәселелерін ортаға салды. Қазіргі таңда қаладағы 6 сектордың санитарлық тазалығына 7 жеке кәсіпкер жауапты. Олар шаһардағы 832 көшеден қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс полигонына тасымалдайды. Қала […]
Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Тұран даласының күйлері» күйшілер байқауы өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы арнайы қатысты. Сондай-ақ, Жарылқасын Әзіретбергенов бастаған Ұлжалғас Мұстафева, Сауранбек Елеуов, Несіпкүл Утебаева, Рыс Ташиметова, Гүлжанат Дюсенбаева тағы да […]
Пікір қалдыру