Қала әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте тазалыққа жауапты жеке кәсіпкерлер өзекті мәселелерін ортаға салды.
Қазіргі таңда қаладағы 6 сектордың санитарлық тазалығына 7 жеке кәсіпкер жауапты. Олар шаһардағы 832 көшеден қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс полигонына тасымалдайды.
Қала әкімі сектор басшыларына қоқыс тасымалының төлемі бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ескертті.
Ал, жеке кәсіпкерлерге қоқысты бекітілген кестеден кешіктірмей, тиянақтап алуды тапсырды.
— Әрине, еңбектің ақысы төленуі керек. Алайда, көрсетілетін қызмет те талапқа сай болуы қажет. Өздеріңізге бекітілген көшелерден белгіленген уақытта қоқыс алынбаған жағдайда біз де заң шеңберінде тиісті шаралар қабылдайтынымызды назарларыңызға саламын, — дей келе Нұрбол Әбдісаттарұлы тазалық мекемелерін өз міндетіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Жеке кәсіпкерлер төлемақы қарызы жиналған азаматтарға ескерту хат жолданғанын, әр үйге тіркелген азаматтарды түгендеу жұмыстары басталғанын баяндады.
Полиция басқармасы 5-12 тамыз аралығында қалада ортақ пайдалану орындарын ластаудың — 165, абаттандыру қағидаларын бұзудың 14 фактісін тіркеген. Жол жабысындысын бұзған 3 жүк көлігі анықталған.
Мәжіліс соңында қала әкімі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, кемшіліктерді жою үшін сала жауаптыларына нақты міндеттер жүктеді.
Түркістанда қала күні аясында “Тұғыры биік, киелі мекенім — Түркістан” атты мерекелік іс-шара өтті. Ашық аспан астындағы концерттік бағдарламада қалалық “Мәдениет үйінің” өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты. «Жеңіс» саябағында өткен мерекелік шара қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй […]
2024 жылдың 12-13 қазан күндері Түркістан қаласында ауыл спортын дамытуға арналған «AUYL SPORT – 2024» Түркістан облысының ауыл балалары арасындағы өңірлік лигасы өтеді. Бұл жоба «HALYK» қайырымдылық қорының бастамасымен ауыл балалары мен жасөспірімдерін қолдау мақсатында […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына рухани және тарихи орталық ретіндегі ерекше мәртебе мәселесін көтеріп, тиісті тапсырма берген болатын. Осыған байланысты жаңа заң жобасы әзірленді. Заң жобасы 4 тараудан және 15 баптан тұрады. Мақсаттары мен […]
Пікір қалдыру