ВОЛЕЙБОЛДАН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫСТА ТҮРКІСТАНДЫҚТАР БАСЫМ ТҮСТІ

Түркістан қаласында волейболдан КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының волейболдан спорт шебері Октябрь Жарылқаповты еске алуға арналған турнир аяқталды. Сайыс 2007-2008 жылы туылған қыздар арасында өтті.
Жарыста Астана, Алматы, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Жетісай қалаларынан келген және түркістандық жалпы 150 спортшы бақ сынады. Шараға Түркістан қаласынан 2 команда қатысып, спорттағы шеберліктерін көрсете білді.
Сайыс нәтижесімен түркістандық қыздар командасы топ жарып, Астана қаласына екінші орын, Түркістан қаласынан қатысқан екінші командаға III орын бұйырды.
Жарысқа қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Әсілбаев, қалалық «№4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры Болат Саттарханов, қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» директоры Нұрланәли Сыздықов қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.
Сайысқа Түркістаннан екі команда қатысқан.  Ел чемпионатына қатысу үшін арнайы іріктеуден өткен.
Айта кетейік, былтыр біртуар азаматтың атына берілген қаладағы Октябрь Жарылқапов стадионы толық жөндеуден өткізіліп, қолданысқа берілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*