Облыс орталығында дәстүрлі өтетін «Turkistan Cup» кубогы сарапқа салынатын теңбіл доп додасы биыл да жалғасты.
Бүгін жарыстың ашылуы «Керуен Сарай» көпсалалы туристік кешенінде өтті. Бәйгені Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев пен қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев ашты. Жиын барысында арнайы жеңімпаздарға арналған “TURKISTAN CUP” кубогы салтанатты түрде ортаға әкелінді.
Айта кетейік биылғы бәсекеде 8 жас пен 16 жас аралығындағы спортшылардан құралған 80-ге тарта команда жүлделі орындарды сарапқа салмақ. Олар елімізбен қатар, Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекетінен келген футболшылар.
Балалар мен жастар арасындағы футболдан ойынын дамытуды мақсат еткен шара 7- қарашаға дейін Октябрь Жарылқапов стадионында өтеді.
Қазіргі таңда спорт индустриясы даму қарқынының төмен болуы спортты басқару институттарының тиімді жұмыс істеу және өзара әрекеттесуінің болмауымен айқындалады. Сонымен қатар, респбуликалық, жергілігікті, мемлекеттік емес ұйымдар және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен іске асырылатын саясаттарының бір бағытты ұстанбауы спорт саласынының біртұтастығына кері әсер етеді.
Бүгінде мемлекетімізде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (әрі қарай — Министрлік) спорт саласының барлық аспектілерін заңды түрде реттеуші мемлекеттік орган болып табылады. Алайда, іс жүзінде ол спорт индустриясының субъектілеріне тікелей әсер ету механизмдеріне ие бола алмайды және мемлекеттік спорт саясатын іске асыру мақсатында қолданылатын ресурс көздерін үлестіруге қатыса алмайды. Мысалы, Министрлікте территориялардың қажетті спорт инфраструктурасымен қамтамасыз етілу қажеттіліктерінің нормаларын анықтау құзыреттілігі жоқ.
Дене шынықтыру және спорт — жастардың денсаулығымен, олардың бос уақытты өткізу тәртібімен, бейәлеуметтік әрекеттерімен тікелей байланысты жастар саясатының маңызды бөлігі. Жастар спорты — жоғары жетістіктер спортының фундаменті.
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) аймақтармен байланыс жөніндегі өкілі Марат Такенов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл ҚФФ өкілдерінің өңірге алғашқы ресми сапары емес, алайда бұл жолғы кездесулер мен талқылаулар – ерекше маңызға ие. Сапар аясында […]
Өткен жылы Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнім көлемі 370 миллиард теңгені құраған. Бұл жайлы облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. 2021 жылмен салыстырғанда, руһани астанада жалпы өңірлік өнім көлемі 38 пайызға артқан. Биылғы жылдың 4 айында […]
Түркістанның тазалығы – басты назарда! Осы ретте қаладағы 875 көше 3 кезекке бөлініп тазаланады. 1-кезектегі 112 көше күнделікті, 2-кезектегі 342 көше аптасына 2-3 рет, ал 3-кезектегі 421 көше аптасына 1 рет тазартылып отырады. Шаһардағы тазалық […]
Пікір қалдыру