Түркістан облысында жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды. Бұл мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қадағалуында тұр. Бұл ретте Сауран ауданында да жұмыстар жүріп жатыр.Сауран ауданындағы Майдантал ауылдық округіне қарасты Қаражон, Ынталы елді мекендеріндегі 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы уақытқа дейін бұл мәселе ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше рет көтерілген. Аудан басшысы Мақсат Таңғатаров жөндеу жұмыстарын арнайы барып қадағалады.
Бүгінде Майдантал ауыл округінің Қаражон, Ынталы елді мекендеріндегі Төрткүл, Ақсарай, Құсшы ата, Ақсай, Б.Момышұлы, Т.Рысқұлов, І.Жансүгіров көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 12,56 шақырымды құрайтын көшелер «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында «Altai Building LTD» ЖШС мекемесі тарапынан атқарылуда.
Сауран ауданында аудандық маңызы бар жолдар 119 шақырым және елді мекен жолдары 731 шақырымды құрайды. Олар 65 пайыз асфальттанған.2023 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 28 көшеге 23 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ағымдағы жылы 26 көшеге яғни, 58,6 шақырымға асфальт жол салынады.Сонымен қатар, 72 шақырым тас төсеу жұмыстары атқарылып, 2024 жылы 48 шақырым жолға топырақ жолға тас төселеді. Елді мекендерде аяқжол салу қажет ететін 24 шақырым аяқжолдың 9 шақырымы ағымдағы жылы, қалған 15 шақырымы 2025 жылға жоспарланған.
2 ауылдық округте жалпы 97 көпір бар. Оның ішінде, 5 көпірді 2023 жылы, 2024 жылы 10 көпірді, 2025 жылға 24 көпірді жөндеу жоспарлануда. Қоғамдық көліктер бойынша аудан тарапынан ауданішілік жолаушылар тысамалына 6 бағыт жоспарланып, 3 бағыт бойынша қызмет көрсетілуде.
Айта кетейік, Түркістан облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 459 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 723,1 шақырым болса, облыстық маңызы бар жолдар 3 983,3 шақырымды, аудандық маңызы бар жолдар 1 725,7 шақырымды, елді мекен ішіндегі көшелер 11025,7 шақырымды құрайды.
Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігіне қарасты Бірлесу ауылдық округі әкімінің аппараты жаңа ғимаратқа көшуде. «Open Space» – ашық кеңістік үлгісіндегі жаңа қабылдау бөлмелері бірінші қабатта орналасқан әрі қабырғасы әйнектен жасалған. Яғни, бұл формат арқылы жергілікті […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйінің» жұмысымен танысты. Президенттің арнайы тапсырмасымен салынған кешенде «Қоғамдық келісім» мекемесі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, сондай-ақ аймақтағы 11 […]
Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 2025 жылдың 5 айында 53,1 млрд теңгеге жетті. Оның 57,2 пайызы — өнеркәсіп, 21,9 пайызы — ауыл шаруашылығы, 18,7 пайызы — сауда және 2,2 пайызы — құрылыс саласына тиеселі. […]
Пікір қалдыру