Еліміздің киелі де, қасиетті рухани астанасы — Түркістан облыс орталығы болғалы барлық жағына қарқынды дамып келеді. Оның бірден бір дәлелі бүгінгі Халықаралық деңгейде өтіп жатқан марафон.
«Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыруымен Turkistan Marathon Халықаралық жүгіру шарасы өтуде. Марафонға әлемнің 40 мемлекетінен, 3000 адам арнайы келіп, жүгіріп жатыр. Сөре мен мәре visit Center Turkistan маңында орналасып, қатысушылар Бекзат Саттарханов даңғылымен әуежайға қарай жүгіріп барып қайтады.
Бүгінгі марафон қаламыздың туристік әлеуетін арттырып, әлемге танымал етуде. Арнайы марафонға 40-тан аса мемлекеттен 3 мыңға жуық спортшылар қатысуда.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Халқына Жолдауында �«Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс.
Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұқаралық спортты дамытуымыз қажет» деп ерекше атап өткен болатын.
Turkistan Marathon-ның қашықтығы дәстүрлі түрде 10 км спутниктік жарыс, 21,1 км жартылай марафон, 42,2 км марафон және 3 км (10-14 жас аралығындағы балалар) қашықтығы боп бекітілген.
Қаламызда жүгірушілер үшін арнайы жолақтар қарастырылған. Қатысушылардың пікірінше ол жұмсақ және жағымды рельефке ие. Сәйкесінше, әр түрлі деңгейдегі жүгірушілерге өте ыңғайлы.
Бағыттар Түркістанның көркем жерлері арқылы өтіп, қатысушыларға ежелгі қаланың сұлулығынан ләззат алуға мүмкіндік береді. Марафон AIMS халықаралық сөре мен жүгіру қауымдастығының бір бөлігі болып табылады және трек World Athletics стандарттарына сай сертификатталған.
Айта кетейік, марафон аясында 35 жастан асқан қатысушылар арасында 42,2 км жүгіру жарысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жеңімпаздарға арнайы қаржылай және сертификатты сыйлықтар табыс етіледі.
Спорт ерлігімізді көрсетіп, Елімізді әлемге танытатын да, жат қылықтан сақтайтын да маңызды сала.
Бүгінгі Әлемдік деңгейдегі марафонға белсенділік танытып жатқан ұйымдастырушыларға, демеушілерге, қатысушыларға алғысымды білдіремін!
Түркістан қаласында салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеген «Ене мен келін» сайысы өтті. Қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Созақ ауданынан 6 отбасы қатысты. Сайыстың мақсаты – еліміздегі […]
Әлемді қазірде табиғатты қорғау, сақтау мәселесі көбірек алаңдатады. Бұл үрей кейінгі кездері айтып келмейтін апаттардың жиілеуімен күшейді. Сәйкесінше, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған кешенді шаралар бекітіліп, жүзеге асырылып жатыр. Елімізде де қолға алынған жоба, бағдарлама аз […]
Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде ақын, сазгер, ұлағатты ұстаз Әбдіхалық Әбдірайымұлының мерейлі 63 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өтті. Бұл шара оның талантын бағалаушылардың, қазақ мәдениеті мен өнерін сүйетіндердің басын қосты. Кеш Әбдіхалық Әбдірайымұлының […]
Пікір қалдыру