Шардаралық диқан биыл 25 гектар жерге күріштің лазер және мустақил сорттарын еккен. «Бағдат» шаруа қожалығының төрағасы Аманәлі Ералиев жалпы 170-175 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Шаруа күріштен бөлек, мақта, арпа, бидай және жоңышқа да егеді.
«Жерге жақсы күтім жасап, еңбек етсең кез-келген дақылдан мол өнім алуға болады. Келесі жылы 50 гектар жерге күріш егуді жоспарлап отырмын. Күріш өніміне нарықта қай уақытта да сұраныс бар. Алдағы уақытта күріш дақылын өңдейтін заманауи аппарат алып, дайын өнім шығару ойымда бар. Диқаншылық бұл берекелі кәсіп қой»,- дейді шаруа.
Шардара ауданының дихандары еңбектеніп, диханшылық саласының қыр сырын зерттеуден жалыққан емес. Биыл диханшылардың еңбегі еш кетпей, өнімдері молынан шықты. Солардың бірі
«Тұрар» шаруақожалығының иесі Ан Юрий Владимирович өзінің 33 гектар пияз алқабының 5 гектарынан алғашқы 400 тоннадан астам өнімін сатылымға шығарды. Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Талғат Әлімқұлов пияз алқабына арнайы барып, жұмыстың барысымен танысты. Оның егістік алқабында сегіз түрлі пияз тұқымдары өсіріледі. 33 гектар пияз алқабының барлығы тамшылату әдісімен суландырылады. Бұл тамшылату әдісімен 1 сағатта 1 метр жерге1 литр 600 грамм су кетсе, ал жүйек (арықша) арқылы сағатына 90 литр су далаға кетіп ысырап болады дейді шаруа қожалық иесі Ан Юрий. Сонымен қатар, егістік маусымында аталмыш шаруа қожалық 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырады.
Сондай-ақ, кәсіпкер күзге дейін пияз алқабынан 3000 тоннаға жуық өнім алу күтіліп отырғанын айтты.
Пияз өнімінің негізгісі Ресей,Беларус елдеріне экспортталмақшы.
Пікір қалдыру