Созақ ауданындағы Абай ауылында 35/10 кВт-тық қосалқы станция іске қосылып, ауыл тұрғындарының көптен көтеріп жүрген мәселесінің түйіні шешілді. Жаңа станцияны іске қосу рәсіміне аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Жаңа қосалқы станцияны іске қосу арқылы Абай ауылымен қатар Балдысу және Қарабұлақ елді мекендерінің де электр қуатын арттыру көзделген.
Еске сала кетсек, өткен жылдың қаңтар айында Абай ауылына келетін 10 кВт-тық қуат желісі желдің өтіне қолайсыз орналасқандықтан 13-шақырымдағы 200-ге жуық бағана құлап, тұрғындар бірнеше күн әуре-сарсаңға түскен болатын. Орын алған жайттан соң тұрғындар электр желісін қолайлы бағытқа алмастыру жөнінде бірнеше рет мәселе көтерді. Бұған қоса, Балдысу және Қарабұлақ елді мекендерінде электр энергиясы қуатының жетіспеуі сынды мәселелер де айтылып келді. Нәтижесінде Абай ауылы Шолаққорған-Созақ бағытындағы 35 кВт жоғарғы кернеулі қуат желісіне қосылды. Сондай-ақ, 9,5 шақырымды құрайтын қашықтыққа 84 дана жаңа бағаналар тұрғызылды. Ауыл маңынан қуаттылығы 1 600 кВт сыртқы үлгідегі қосалқы станция салынып, іске қосылды.
Сондай-ақ, Созақ ауданына қарасты 33 елді мекеннің 29-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Оның 21-і 24 сағат бойы тоқтаусыз ауыз суға қосылса, 5 елді мекенге кесте бойынша беріледі. Сондай-ақ, табиғи газға қосылу бойынша да біршама тындырымды істер қолға алынған. 2024 жылы АГТС қондырғылары орнатылып, іске қосылған жағдайда Шолаққорған ауылы мен Жеткеншек елді мекенінің тұрғындары табиғи газбен қамтылады. Ал «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылы ұлттық қордан Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы жобасына қаржы бөлініп, 2023 жылы пайдалануға берілген. Сондай-ақ, аудан орталығы Шолаққорғаннан Түркістан қаласына қарай бағыттағы жол бойында республикалық бюджет есебінен заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталып, 2024 жылдың соңына дейін ел игілігіне беріледі деп күтілуде», — деді аудан басшысы.
Түркістан облыстық медициналық ұйымдарында коронавирус және пневмония індеттерімен күресу мақсатында құрылған 380 мобильді топ 30 мыңнан астам науқастың үйлеріне барып ем көрсеткен. Дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінен құрылған арнайы топтар коронавирустың симптомсыз түрімен […]
Созақ ауданы аграрлы аймақ ретінде ауыл шаруашылығы саласын дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Егіс алқаптарының көлемі жыл сайын артып, мал шаруашылығы мен егіншіліктің өнімділігі жоғарылап келеді. Алайда, бұл салада өнім көлеміне қауіп төндіретін факторлардың […]
Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға қолдау көрсету мақсатында ең төменгі жалақы мөлшерінде 42500 теңге әлеуметтік төлемді тағайындау жұмыстары наурыз айының соңында басталған болатын. Түркістан облысы бойынша 544,5 мың азаматқа 23,1 млрд. теңгеге әлеуметтік […]
Пікір қалдыру