Түркістан: Медициналық мобильді топтар 30 мыңнан астам адамға көмек көрсетті

 

Түркістан облыстық медициналық ұйымдарында коронавирус және пневмония індеттерімен күресу мақсатында құрылған 380 мобильді топ 30 мыңнан астам науқастың үйлеріне барып ем көрсеткен. Дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінен құрылған арнайы топтар коронавирустың симптомсыз түрімен ауырған және пневмонияға шалдыққан науқастар мен басқа да аурулармен ауыратын азаматтарға тиісті ем-дом шараларын жасады. Мобильді топтар көлік және қорғаныс киімдері мен басқа да қажетті медициналық құралдармен толық қамтамасыз етілген.

Жалпы, халық саны екі миллионнан астам Түркістан облысында орналасқан медициналық мекемелерде 5196 дәрігер және 18 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Жыл басынан бері 1000-ға жуық маман біліктілігін арттырған. Дәрігерлер Ресейдің клиникаларында біліктілік арттырып, әріптестерімен тәжірибе алмасты. Өңірде денсаулық сақтау саласын дамыту және емдеу мекемелерінде ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша да жұмыстар жалғасуда. Облыс бойынша халықтың электрондық денсаулық төлқұжаты 100 % жасақталды.

Облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 3193 науқас тіркелген. Бір күндік өсім — 0,7 %. Инфекциялық госпитальдардан 2811 адам жазылып шықты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*