Түркістан облысындағы барлық аудан орталықтарында референдум күні жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. Тұрғындар азық-түлік өнімдері мен көкөністерді нарықтық бағадан 15-20% төмен бағада сатып алып жатыр. Өңір шаруалары өз өнімдерін жұртшылыққа арзан бағада ұсынып, ел алғысына бөленуде.
Солардың бірі, Арыс қаласында «Алтын күз» мерекесіне орай, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені тұрғындармен бірге қала әкімі Гүлжан Құрманбекова аралап, егінді уақытылы жинап алған ауыл еңбеккерлерімен әңгімелесті.
Орталық Әл-Фараби алаңында өткен жәрмеңке жұмысы таң сәріден қызды. Жәрмеңкеге қала кәсіпкерлері мен қалаға қарасты барлық ауылдық округ шаруалары қатысты. Жәрмеңкеде барлығы да өздерінің саттықтағы азық-түліктері мен көкөністерін алып келді. Көкөніс, ет, құс еті сүт өнімдері, және жеміс-жидек, бақша мен дәнді дақылдар, картоп, сәбіз, жұмыртқа, т.с.с жалпы көлемі 40-тан астам жуық өнімдер саудаланды.
Жәрмеңкеде диқандар мен малшылардың биылғы еңбегі еленіп, жетістіктері жиналған қауымның алдында сараланды. Келушілер адал азығын қолжетімді бағаға ұсынған шаруаларға алғысын жаудырды. Жәрмеңке көркін ауыл шаруашылық өнімдерінен арнайы жасалған ерекше композициялар қыздыра түсті. Мереке барысында көрермендерге асыл тұқымды қой көрмесі ұсынылды, ал ауыл шаруашылық техникасының көрмесі келушілерге саладағы заманауи жаңалықтарды көрсетуге мүмкіндік берді.
Айта кетейік, шаруалардың тынымсыз тірлігі жоғары бағаланды. Жәрмеңке соңы қалалық Мәдениет үйінде «Алтын Күз» мерекелік концертке ұласты.
Туркестанская молодежь соревновалась в сборе хлопка, картофеля, яблок и стрижке овец. Два дня молодые люди посвятили знакомству с жизнью на селе. Активные и талантливые волонтеры не только знакомились с жизнью села, но и приняли […]
Түркістан облысында Үкіметтің инвестициялық жобалардың тізімін жасақтау жөніндегі тапсырмасы бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Облыс әкімінің қадағалауымен елге кіріп жатқан импорт тауарларына талдау жүргізіліп, импортты азайтып, экспортты ұлғайту жұмыстары жандана түсті. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі […]
Аудан болып құрылғанына 2 жыл болған Келес ауданында медицина саласын дамыту және ауыл халқын сауықтыру мақсатында айтарлықтай ірі жобалар қолға алынуда. Өткен жылы Келес аудандық ауруханасына 16 жас дәрігер жұмысқа қабылданып, мемлекеттен ақшалай көмек алып, […]
Пікір қалдыру