Түркістан қаласында 25 қазан — Республика күні мерекесі қарсаңында интеллектуалды ойын өтті. Шара облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң бастамасымен ұйымдастырылған. Шараға «Конгресс Холл «көпсалалы кешенінің директоры Асқар Кенехан мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Пердебек Есқұлов қатысып, жастарға сәттілік тіледі.
Білімділер сайысында аудан-қалалардан келген 12 команда 5 кезең бойынша өзара бақ сынасты. Сайыс әртүрлі бағыттағы сұрақтар мен тапсырмалар арқылы қатысушылардың ой-өрісін кеңейту және жаңа ақпараттарды игеру мақсатында қолға алынған. Сайыс нәтижесі бойынша Созақ ауданынан келген «Теріскей» командасы 1-орынға ие болды. Жүлделі 2-орынды Арыс қаласынан келген «Арыс арулары» командасы иеленсе, 3-орынға Сайрам ауданынан келген «Эрудит» командасы табан тіреді. Жеңіске жеткен командаларға арнайы дипломдар мен алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табысталды.
2025 жылдың ақпан айынан бастап Түркістан облысында құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заманауи «Ekin Patrol» жылжымалы автокешендері іске қосылды. Бұл – Түркістан облысы полиция департаментінің бастамасымен […]
Түркістан облысындағы колледж ұстаздары мен басшылары Франция, Германия еліндегі кәсіпорындарда, техникалық және кәсіби білім беру орталықтарында тәжірибе алмасуда. Педагогтарды Түркістан облысының басқарма басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетұлы бастап барып, өндірістік практиканың басым бағыттарымен танысты. Сапардың […]
Бокстан Сәкен Бибосынов Токио олимпиадасында қанжығасына қола жүлдені салғаны үшін, Түркістаннан екі бөлмелі пәтердің кілтін сол тұстағы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев табыстағаны әмбеге аян. Алайда, арадан 2 жыл өткенде, күні кеше Олжас Мамыр өзінің «фэйсбуктағы» […]
Пікір қалдыру