Түркістан облысындағы колледж ұстаздары мен басшылары Франция, Германия еліндегі кәсіпорындарда, техникалық және кәсіби білім беру орталықтарында тәжірибе алмасуда. Педагогтарды Түркістан облысының басқарма басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетұлы бастап барып, өндірістік практиканың басым бағыттарымен танысты.
Сапардың негізгі мақсаты — тағылымдамадан өту және халықаралық келісім жасау. Алғашқы күні халықаралық «PLAN B GGMBH & KOMPETENZZENTRUM DER EBG GGMBH IN BERLIN» сертификаттау орталығының директоры Томас Зиммерман әлемнің 148 елінде сертификаттау бойынша жасап жатқан жұмыстары туралы таныстырып, семинар өткізді. Семинардың екінші жартысында түркістандық делегация тарихы 1900 жылдан бастау алатын «Mercedes» көлігін құрастыратын зауытқа барды.
Германияның колледж студенттері дуальды оқу жүйесімен 80 пайыз өндірістік тәжірибе бойынша, 20 пайыз теориялық тұрғыда білім алады. Бүгінгі таңда әлемде оқытудың дуальды жүйесі — кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Өйткені, экономиканың қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн санап артуда.
Түркістан қаласында өткен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында журналистер «Asia Brend» жиһаз өндіретін фабрикасына барып, жұмыс барысымен танысты. Жалпы 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын жылына 22 мың дана жиһаз өндіреді. Бүгінде түркістандық […]
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жұмыс сапарымен Сауран ауданына барды. Ең алдымен ауданға қарасты Шорнақ елді мекеніндегі «Қамқорлық орталығына» барып, аудандық үкіметтік емес ұйымның жұмысымен танысты. Онда зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, ауданды дамыту бағытында […]
Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауыл округіндегі «Баймырза» шаруа қожалығы 3 гектар алқаптан жылына екі рет өнім алуда. Серіктестің меңгерушісі Ахледдин Заиров биыл 1 гектарға — қызанақ, 0,5 гектарға — қияр, 1,5 гектарға — картоп […]
Пікір қалдыру