Кентау қаласында тұрғын-үй құрылысы жұмыстары жүрдек жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек ел игілігіне тапсырылған әлеуметтік нысандардың саны да көбейіп келеді.
Қалалық экономикалық бөлімінің мәліметінше жыл басынан бері халық қажетіне жарайтын нысандар пайдалануға беріліп, Кентаудың ажары ашылып келеді.
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңа мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда ғимараттың іргетасын құю жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Жандос Тасов 300 орындық мәдени нысандағы атқарылған жұмыстармен танысып, бірқатар тапсырмалар берді. Екі қабаттан тұратын ғимарат соңғы заманауи жабдықтармен қамтылмақ.
Ауылда мәдениет үйінен бөлек жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын бақылаған қала басшысы әрбір жұмыстарды сапалы атқарып, уақытылы тапсыруды жүктеді. Айта кетейік, жыл соңына дейін қалаға қарасты Байылдыр және Қарнақ ауылдарындағы 14,5 шақырымды құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Ал жалпы Түркістан облысында биыл ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 485 нысан құрылысын жүзеге асыруға 224,1 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі күнге дейін 94 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 308 нысанды пайдалануға беру жоспарланса, қалған 94 нысан құрылысы 2025 жылға өтпелі. Құрылыс қарқыны бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында.
Түркістан өңірінде тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары қарқынды. Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округі, Темірлан елді мекеніндегі 1 қабатты, 2 пəтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысымен, қазіргі жай-күйімен танысты. Мердігері – «Берен» ЖШС, техникалық қадағалаушы – […]
Түркістан облысына қарасты Созақ аудан өнім өндіріп, экономикаға елеулі үлес қосып отырған аудандардың алғы шебінде. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс кестесіне сәйкес, Созақ ауданы тұрғындарымен кездесті. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен бірге өңірдің дамуы, […]
Түркістан өңірінде өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Маңызды жобалар жүзеге асуда. Өңір басшысы білім сапасын көтеру, мектеп тапшылығын жою маңызды екенін айтып, жауапкершілікпен жұмыс істеуді міндеттеді. Жоба құны 4,1 млрд теңгені құрайтын білім […]
Пікір қалдыру