Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Астана қаласына арнайы іссапармен барды. Онда «Sovico Group» компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхан Хунг мырзамен және компания делегациясымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Түркістан облысының әкімдігі мен «Sovico Group» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Жүздесуде Түркістан қаласының халықаралық әуежайын дамыту перспективалары, жаңа авиакомпанияларды тарту, қосымша әуе бағыттарын ашу, инфрақұрылым нысандары мен көліктік-логистикалық хаб салу және облыста туризмді дамыту мәселелері талқыланды.
Sovico Group — Вьетнамның 1990-шы жылдары негізі қаланған жетекші инвестициялық тобы. Компания қаржы, банк ісі, авиация, жылжымайтын мүлік, энергетика және цифрлық трансформация саласында жұмыс істейді. Соңғы жылдары компания көлік-логистика, қаржы, мұнай-газ және тау-кен секторларында келісімдер қабылдап, Қазақстанмен өзара ынтымақтастығын белсенді дамытып келеді. Сондай-ақ Sovico Group 100% акция пакеті Самұрық-Қазынаға тиесілі қазақстандық «QAZAQ AIR» АҚ әуе компаниясын сатып алуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта вьетнамдық инвестормен әуе компаниясының акциялар сату мәмілесінің соңғы талаптары пысықталып жатыр.
Айта кетейік, Түркістан облысының аудан, қалаларында маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың құрылысы, инфрақұрылымына әкімдік тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп жатыр.
Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойы аясында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Сәкен тұлғасы тарих төрінде» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл шара еліміздің әдебиеті мен мәдениетінде үлкен із қалдырған қазақтың ұлы ақыны, драматургі және қоғам қайраткері […]
Түркістан облысында дауыс беру учаскелерінде спорттық ойындардан жарыстар өтіп жатыр. Мәселен, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде орналасқан №197 дауыс беру учаскесінде науқанға қатысушылар арасында үстел теннисі, дойбы, қол күресі, тоғызқұмалақ ұлттық ойындардар жарыс ұйымдастырылды. Республикалық […]
Елімізде жалпы Түркістан облысының ауыл шаруашылық өнімдерінің алар орны ерекше. Себебі, ауыл шаруашылық өнімінің басым бөлігі оңтүстік аймақтан шығады. Сондықтан да жәрмеңкені алғашқы боп Түркістан бастайды. Ақмола облысында Түркістан өңірінің агротуризм және экотуризм бағыты бойынша […]
Пікір қалдыру