Келес ауданындағы Бірлік ауылында 45 орындық дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Бұл ғимарат кең әрі ыңғайлы болмақ. Қазіргі таңда ғимараттың іргетасы құйылып, қабырғалары тұрғызылуда. Түркістан облысының құрылыс басқармасының тапсырысымен жүзеге асып жатқан құрылыс жұмысына бюджеттен 305 миллион теңге бөлінген. Нысанның негізгі міндеті — аурушаңдықтың, тұрғындар арасындағы өлім-жітімнің алдын алу және төмендету бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізу, ауруларды ерте анықтау, науқастарды уақытылы медициналық тексеруден өткізу.
Айта кетейік, Бірлік елді мекенінен бой көтеріп жатқан медициналық нысан Бірлік, Мәдениет, Ащысай және Қосөткел ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Сала мамандарының айтуынша, құрылыс жұмыстары биыл жыл соңында аяқталып, қолданысқа берілетін болады.
Айта кетейік, Түркістан облысында биыл ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 485 нысан құрылысын жүзеге асыруға 224,1 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі күнге дейін 94 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 308 нысанды пайдалануға беру жоспарланса, қалған 94 нысан құрылысы 2025 жылға өтпелі. Құрылыс қарқыны бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында.
Өңірде құрылыс сапасына тиісті талдаулар мен тексерулер жүргізіліп, 822 хаттама толтырылып, 255 млн. теңгеге жуық айыппұл салынған. Үш мердігер компания лицензиясынан айырылған.
Нұрсұлтан Назарбаевқа «Керуен-сарай» кешені таныстырылып, «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы аумағындағы археологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Елбасына осы жылдың тамыз айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың хаттамалық тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асып жатқан басқа да […]
Түркістан облысында «Atameken Academy» платформасында «Бастау» жобасымен онлайн режимде кәсіпкерлерлікке оқыту басталды. Облыстың 16 ауданы бойынша қатысушыларға Палатаның 14 бизнес-тренерлері кәсіпкерлік негіздерін үйретіп, кеңес береді. Биыл облыс бойынша 3100 адамды оқыту жоспарланған. Онлайн оқыту […]
Алматы облысы мәслихатының хатшысы — Дүйсенбинов Сұлтан Мырзабекұлы, Алматы облыстық дін істері басқармасының басшысы — Есдәулетов Рахмет Разбекұлы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері, Республикалық ақпараттық түсіндіру топ […]
Пікір қалдыру