Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» футбол командасы елішілік бәйгеде жетістікпен оралды.
Ұлы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы шағын футболдан өткен ҚР чемпионатында клубтың футбол командасы 3-орынды иеленді.
Орал қаласында өткен жарыста
Қазақстанның 13 облысы,6 ауданынан жиналған спортшылар бақ сынасты.
Бүгін спортшыларды күтіп алу шарасына қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Динара Жіпсібаева, қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының директоры Нұрланәлі Сыздықов қатысты.
Жеңіспен оралған жерлестерімізге Динара Жіпсібаева жылы лебізін арнап, Нұрланәлі Сыздықов арнайы құттықтауын жеткізді.
Күллі әлемді өзінің бейнелілігімен және жылдамдығымен таң қалдырған ең көне спорт түрлерінің бірі Қазақстан кеңістігін де айналып өтпеді. Қазіргі таңда біздің елімізде футбол дәстүрлеріне араласып жатқан адамдар саны артуда, яғни біреу мінберде тұрып қолдау көрсетсе, енді біреу алаңда ытқып жүгіруге асық. Бұлардың барлығы да адамға көптеген жағымды әсер қалдырып, ұжымдық рухты бекіте түседі.
Ал осы майданда жетістіктерге жеткісі келгендер алтын уақыттарын алаңда немесе жаттығу залында өткізіп, өз қабілеттерін балалық кезден жаттықтыруы қажет.
Түркістандық спортшылар 13-19 тамыз күндері Қытайдың Уси қаласында таеквондодан жасөспірімдер арасында (WT) өткен GRAND SLAM 2024 халықаралық турнирінен жүлдемен оралды. Алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық сайыста жерлестеріміз Нәлібай Жаншуақ 2-орын (45-61 келі салмақта), Акрамова Шахризод 3-орынға […]
Пікір қалдыру