Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың шардаралық шаруалармен кездесуі барысында ағын су мәселесі көтеріліп, шағымдары зерделенді. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов аудандағы жағдайды баяндап, іске асырылып жатқан жобалардың есебін ұсынды.
Қазіргі таңда Шардара ауданында 6 ауыл округте су арналары механикалық тазалаудан өтуде. Жалпы 1306 шақырым қашыртқыны тазалау көзделген, орындалғаны –1137 шақырым.
Жұмыс атқарушы “Тұран-Су” МКК-нің басшысы Досхан Лесов жоба бойынша бекітілген қашыртқы 959 шақырымды құрайтынын, шаруалардың өтінішімен жобадан тыс 347 шақырымы қосымша тазаланғанын баяндады.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде ауданда 26 мың гектардан астам алқаптың мелиоративтік жағдайы мен ағын сумен қамтылуы жақсарады деп күтілуде.
Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу, Ұзын-ата, Ақшенгелді, Достық ауыл округтеріндегі жұмыстардың барысын бақылаған облыс әкімінің орынбасары суармалы жер көлемін арттыруға бағытталған жобалармен де танысты.
– Ағын су тұтынуда шаруалардың талап-тілегі заң аясында сараланып, жүйеленуі тиіс. Әсіресе, су ақысының төлеміне қатысты ешқандай сұрақ туындамауы қажет. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаруашылықтардың өзекті мәселелері мен ықтимал тәуекелдеріне тұрақты түрде мониторинг жүргіземіз. Шаруалармен өткен басқосуда айтылған мәселелерді назарға алып, талдау жүргізуді тапсырамын. Түйткілді мәселенің түйінін тарқатуда біз ең алдымен оның заңдылығын қамтамасыз етуге міндеттіміз, – деді Нұрбол Тұрашбеков.
Сонымен қатар Шардара ауданында 4 канал күрделі жөндеуден өтуде. Қазіргі таңда 53,5 шақырымның 31,2 шақырымында жұмыс аяқталды. Нәтижесінде, 3616 гектарға су жеткізу жақсарып, қосымша 600 гектар жер айналымға қосылады деп күтілуде.
Ордабасы ауданында 2020 жылдын 1 тамызына барлығы 2906 азаматтық хал актісі тіркелген. Бала туу көрсеткіші өткен жылғы есепті кезеңде 1637 болса, биыл ауданда демографиялық өсім бар. Жыл басынан бері 1973 нәрестеге туу туралы куәлік […]
Ордабасы ауданындағы ауылдық округтердің әкімдеріне салтанатты түрде жаңа тракторлардың кілті табысталды. Олардың ішінде Бадам, Шұбарсу, Шұбар, Бөржар, Төрткүл, Жеңіс, Қараспан, Бөген және Қарақұм ауылдары бар. Шараға арнайы қатысқан аудан басшысы Азат Оралбаев жаңа техникалар елді […]
Түркістан облысы Ордабасы ауданында 871 шақырымды құрайтын 85 канал демеушілер есебінен механикалық тазартудан өтуде. Ондағы мақсат- аудан көлемінде егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, шілде айында су жетпей қалу қаупін сейілту. Дәл қазіргі […]
Пікір қалдыру