Кентау қаласында 2024 жылдың 9 айында 2 217 адам жұмыспен қамтылған. Оның 911-і тұрақты жұмысқа орналасса, 1306 азамат субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған.
Қала тұрғындарының 148-і әлеуметтік жұмыс орындарында, 304 азамат жастар практикасында, 659 адам қоғамдық жұмыстарда тер төгіп жүр. Сонымен қатар, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 90 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 105 адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, жеке бастамалар аясында «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орны» бойынша 755 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Қала тұрғындарының «Бастау Бизнес» жобасына да қызығушылығы жыл санап артып келеді. Биыл жоба аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 248 адам қамтылды, оның ішінде 199 адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды. Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін ағымдағы жылдың басынан халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 476 800 теңге) мөлшерде 81 грант берілген.
Түркістан облысында жүзім шаруашылығын дамытуда жаңа технологияларды қолдану көзделіп отыр. Бұл мәселе Түркістан облысы, Сайрам ауданында өткен дала семинарында кеңінен талқыланды. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, ғалымдармен, шаруалармен пікір алмасты. «Ауыл шаруашылығын дамыту: […]
Түркістан облысында электрондық түрдегі қызметтің үлесі 86 пайыздан асты. Мемлекеттік қызметтердің тізіміне енген 723 қызметтің 389-ы облыста көрсетіледі. Оның 192-сі жергілікті атқарушы органдармен, 197-сі орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері арқылы іске асырылған. Бұл туралы 2019 […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Келес ауданына бекітілген Фердоуси ауылының халқымен жүздесті. «40 жылдық» ауылында орналасқан орта мектепте 530 тұрғын уақытша мекен тапты. Судан зардап шеккен Өргебас және Фирдоуси халқына таңдау берілді. Олар өзге елді […]
Пікір қалдыру