Түркістан: Облыс әкімі эвакуациялық орталықтарды аралады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев  Келес ауданына бекітілген Фердоуси ауылының халқымен жүздесті. «40 жылдық» ауылында орналасқан орта мектепте 530 тұрғын уақытша мекен тапты. Судан зардап шеккен Өргебас және Фирдоуси халқына таңдау берілді. Олар өзге елді мекеннен бой көтеретін жаңа мөлтекауданға көше алады. Мемлекет тарапынан өз үйлерін қалпына келтіруге не әрбір тұрғын үйін өзі салуға ниет білдірсе, оған өтемақы төленеді. Тұрғындар шешімді шұғыл түрде өзара ауыларалық жиналыста шешетін болды.

Бұдан бөлек, тұрғындар апат аймағында жүргізілетін құрылысқа шақырылды. Құрылыс жұмысына қатысушы азаматтарға жалақы төленеді. Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің шығыны төленеді. Несиесін төлеу уақыты кейінге шегеріледі. Ал, жоғалған малдың шығыны Төтенше жағдай бойынша Штаб жанынан құрылған комиссия шешімімен өтеледі.

Облыс әкімі №5 мектеп-гимназиясына жайғастырылған Жеңіс елді мекені мен су басу қауіпі жоғары Нұрлыжол ауылының халқымен кездесті. Орталыққа жауапкершілік Шардара ауданының әкімдігіне бекітілген. Мақтаарал ауданының аумағындағы 11 эвакуациялау орталықта 2404 адам орналастырылған.

Өмірзақ Шөкеев Төтенше жағдайға қатысты ашылған арнайы қоймада болды. Сыйымдылығы 2000 тоннаға есептелген қоймада 232 тоннадан астам азық-түлік қоры жиналған. Ет, ұн, күріш, май және киім-кешек пен күнделікті қолданысқа қажетті заттар Мақтаарал ауданындағы эвакуациялық орталықтарға жайғастырылған тұрғындарға күнделікті таратылуда. Мұнда сын сағатында қол ұшын созған өңірдің барлық аудандары мен өзге облыстардан гуманитарлық көмектер жеткізілуде. Бақылау «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы басшылығына жүктелген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*