«Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалының директоры Қазыбек Бедебаевтың айтуынша, биыл өңірде 332,5 мың гектар суармалы егістік жер ағын сумен толық қамтамасыз етілген. Жалпы өңірде «Қазсушар» РМК-ға қарасты республикалық 18 суқойма, 11 су бөгеті және 104 дана магистралды канал бар. Сондай-ақ, 1 790 дана шаруашылық және ішкі шаруашылық каналдар, 1 208 тік дренажды ұңғымалар мен 408 дана қашыртқы бар.
«Түркістан облысында биыл 560,96 шақырымды құрайтын 265 канал механикалық әдіспен тазаланып, 325 шақырымдық 30 канал шылаудан тазартылды. Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жеткілікті мөлшерде су жеткізілді. Суару маусымында шаруа қожалықтарынан су жетіспеушілігі туралы шағым түскен жоқ. Сондай-ақ, субсидия мөлшерін ұлғайту бойынша шешім шаруаларға оңтайлы болды. «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы биыл 8 170 жеке шаруа қожалықтарымен келісім шарт негізінде 274 363 гектар егістік жерге ағынды суды жеткізді. Бұдан бөлек, «Достық» трансшекаралық каналы арқылы Жетісай, Мақтарал аудандарындағы егістік жерге 944,752 млн текше метр су жеткізілді. Сондай-ақ, «Қызылқұм» магистралды каналы арқылы Арыс қаласы мен Шардара, Отырар аудандарындағы егістік жерге 872,30 млн текше метр су жеткізілсе, «Зах», «Ханым», «ҮКМК» каналдары арқылы Сарыағаш, Қазығұрт, Келес аудандарындағы егістік жерлерге 500,09 млн текше метр су жеткізілді»,- деді Қазыбек Қошқарбекұлы.
Айта кетсек, су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша облыстағы бес нысанға құрылыс жұмыстары атқарылады. Оның ішінде, Түлкібас ауданындағы суару жүйесінің бірінші кезектегі магистралды арналарын қалпына келтіру және реконструкциялау. Сонымен қатар, Бәйдібек ауданының «Қапшағай» суқоймасын және Ордабасы ауданындағы «Р-6», «Найман», «Қазыналық» каналдарын реконструкциялау жұмыстары жүргізілмек.
Түркістан облысының тұрғындарын баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар ауқымды. Облыс аумағындағы барлық аудандарында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Жаңа ғимараттардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан […]
Сарыағаш ауданында ерекше балаларға арналған инклюзивті білім беретін «Аqildi bala» мектебі қолданысқа берілді. Білім ордасының ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, игі іске бастамашы болған жандарға алығысын білдірді. Аталмыш мектепте 100 бала толыққанды білім […]
Түркістан облысына жұмыс сапарымен Венгрияның Алматы қаласындағы Бас консулы Cаболч Карой Сёке мен Сыртқы сауда бойынша дипломатиялық өкілі Иштван Тибор Ковач келді. Венгриялық делегациямен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров кездесті. Тараптар екі ел арасында, […]
Пікір қалдыру