Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай онлайн форматта көркемсөз оқу шеберлерінің «ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ-АБАЙ» атты аудандық байқауы өткізіледі.
Байқаудың өткізу ҚАҒИДАСЫ⬇⬇⬇
1. Жалпы ережелер
1.Осы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауының қағидасы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында әзірленді.
2.Байқау онлайн түрде өтеді.
2. Байқауды өткізудің мақсаттары:
1) Қазақтың ұлы ақыны, жазушы, ағартушы, философ, реалист ақын, гуманист ақын, композитор Абай Құнанбайұлының мұрасын кеңінен насихаттау.
2)мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
3) тіл мәдениетін көтеру;
4) көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру;
3. Байқауды өткізудің тәртібі
5. Жетісай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады. Байқау мемлекеттік тілде өткізіледі.
6. Байқау аудандағы жоғары, арнаулы орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының ұстаздары арасында өткізіледі.
7.Қатысушылардың жас мөлшері шектелмейді.
4. Байқаудың талаптары
8. Байқау 2 кезеңнен тұрады:
I-кезең.
Абайдың кез-келген поэзиясының бірін көркемдік шеберлікпен мәнерлеп жатқа оқу. (5 мин. уақыт )☑
I I -кезең.
— Абайдың қырық бес қара сөздерінің бірін көркемдік шеберлікпен жатқа оқу.
(уақыт шектелмейді.)☑
Қатысушы үміткер аталмыш байқаудың 2 шартын орындай отырып, бейнетаспаға анық әрі сапалы түрде түсіруі қажет.Шартқа сәйкес орындаған жұмыстарының барлығын 8-747-734-97-90 нөміріне уатсап әлеуметтік желісіне қазан айының 14 жұлдызына дейін жіберуі қажет.
Байқаудың қорытындысы 16 қазан күні жарияланады.
5.Байқау шарттары:
1) Поэзияны оқу уақыты бес минуттан аспауы керек;
2) Мәтіндерді жатқа оқу;
3) Байқауға жан-жақты дайындық.
4) Орталыққа ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
6. Қорытынды ережелер
9. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын орталық бекітеді. Сандық құрамы бес адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде рәсімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды.
Жеңімпаздарды марапаттау
1). Жүлделі
— I-орын (біреу) 50,000 теңге
— II-орын (біреу) 40,000 теңге
— Ш–орын(біреу) 30,000 теңге
Арнайы жүлде:
— «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» — 10,000 теңге
— «Көркемсөз оқу шебері» — 10,000 теңге
— «Көркем дауыс» — 10,000 теңге
— «Тіл тұнығы» — 10,000 теңге
Жүлделі орындармен қатар, байқауға қатысушылардың барлығы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.
10. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:
1) көркем мәтінді оқу шеберлігі;
2) дұрыс дыбыстауы;
3) көркем мәтінді таңдау талғамы;
10.Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Байқауға тапсырылатын қажетті құжаттар:
-тиісті мекемелердің сұранысы
-жеке куәлігінің көшірмесі;
Қатысушы үміткер туралы мәліметті төмендегі кестеге сәйкес толтырып және сұранысты алдын-ала ?zhetisay.tilortalik@mail.ru электронды поштаға 2020 жылғы қазан айының 9 жұлдызына дейін жолдау қажет.
Мекен-жайымыз
Жетісай қаласы, Қ.А.Яссауи көшесі №5
Байланыс сымтетігі: (72534) 6-51-27
Электронды пошта: zhetisay.tilortalik@mail.ru
Қосымша ақпарат мен сұрақтар бойынша:
8-747-734-97-90
Пікір қалдыру