Үш тілді меңгерген мемлекеттік қызметкерлер арасында»ТІЛДАРЫН-2020″ атты аудандық байқауы өткізіледі.
«ТІЛДАРЫН-2020» атты аудандық байқауының ЕРЕЖЕСІ⤵️⤵️⤵️
1.Түркістан облысы Жетісай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерлер арасында «Тілдарын-2020» атты аудандық байқауын өткізеді.
2.Байқау онлайн түрде өтеді.
Байқаудың басты мақсаты:
— үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік
қызметшілерді анықтау және қолдау;
— тіл мәртебесін көтеру;
— үштілділікті насихаттау.
Байқауды өткізу тәртібі
3. Жетісай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
4. Байқау қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.
5. Қатысушылардың жас мөлшері шектелмейді.
Байқауды өткізу шарттары
Байқау 3 шарттан тұрады
I-шарт: Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Қазтуған жыраудың 600 жылдығына, Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығына орай аталған қаламгерлердің бірінің шығармаларынан үзінді оқу.
(5-минут)✔
II -шарт: «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ РЕТІНДЕГІ РӨЛІ» тақырыбы аясында үш тілде өз ойын еркін жеткізу.✔
III- шарт: Ағылшын тілінде өз өнерін көрсету (еркін тақырыпта өлең оқу,монолог, диалог, ән айту не болмаса алдағы уақыттағы жаңашыл тың идеяңызды ағылшын тілінде баяндау т.б.)✔
Қатысушы үміткер аталмыш байқаудың 3 шартын орындай отырып, бейнетаспаға анық әрі сапалы түрде түсіруі қажет.Шартқа сәйкес орындаған жұмыстарының барлығын 8-747-734-97-90 нөміріне уатсап әлеуметтік желісіне қараша айының 2 жұлдызына дейін жіберуі қажет.
Байқаудың қорытындысы 5 қараша күні жарияланады.
Қорытынды ережелер.
6. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын орталық бекітеді. Сандық құрамы бес адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды.
7. Қазылар алқасы шешім шығару барысында мынадай талаптарды басшылыққа алады:
1.Үш тілді меңгеру деңгейіне;
2.Дауыс мәнері және тіл тазалығына;
Жеңімпаздарды марапаттау
1). Жүлделі
-Бас жүлде (біреу) — 40,000теңге
— I-орын (біреу) — 35,000 теңге
— II-орын (біреу) — 30,000 теңге
— Ш–орын (біреу) -20,000 теңге
Жүлделі орындармен қатар, байқауға қатысушылардың барлығы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.
Байқауға тапсырылатын қажетті құжаттар:
-тиісті мекемелердің сұранысы
-жеке куәлігінің көшірмесі;
Қатысушы үміткер туралы мәліметті төмендегі кестеге сәйкес толтырып және сұранысты алдын-ала zhetisay.tilortalik@mail.ru электронды поштаға 2020 жылғы қазан айының 20 жұлдызына дейін жолдау қажет.
Мекен-жайымыз
Жетісай қаласы, Қ.А.Яссауи көшесі №5
Байланыс сымтетігі: (72534) 6-51-27
Электронды пошта: zhetisay.tilortalik@mail.ru
Қосымша ақпарат мен сұрақтар бойынша:
8-747-734-97-90
Пікір қалдыру