2024 жылы Мақтаарал ауданы бойынша жалпы 2 мың гектар алқапқа тамшылатып суғару технологиясын енгізу жоспарланған болса, бүгінгі таңда 1,5 мың гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілген. Атап айтқанда 500 гектар мақта, 1000 гектар бақша, көкөніс дақылдары.
Осы орайда жаңа технологияны пайдалана отырып, өнім еккен «Хамро ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде аудандық көлемде семинар-кеңес өткізілді. «Хамро ата» АШӨК биыл 310 гектар алқапқа мақта дақылын тамшылатып суғару технологиясы арқылы егіп, бүгінде өнімін жинауға кіріскен. Жалпы өнімділік 1 гектарға 58-60 центнерді құрап отыр. Ал ауданның орташа өнімділігі — 26,2 центнер. Шаруалардың айтуынша, су көлемі біршама үнемделіп, өнім көлемі 2-2,5 есеге артқан. Сонымен қатар, тамшылатып суғару технологиясын енгізген шаруаларға мемлекет тарапынан кеткен шығынның 80%-ы субсидия ретінде өтелетін болады.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ Медиа» холдингінің директоры Дулат Әбіш бастаған БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар Мақтаарал ауданына арнайы іс-сапармен келіп, Мырзакент кентіндегі «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағында орналасқан мемлекет қайраткері, марқұм Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлының ескерткіш-бьюстінің айналасына […]
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Министр Сауран ауданы, Ескі Иқан ауыл округінде ағын су тұтынушы шаруалармен кездесті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өңірде су үнемде технологияларын […]
Түркістан облысы, Арыс қаласына жаңа көпфункционалды жол техникасы келді. Арнайы техниканың ерекшелігі– көпфункционалды, яғни жыл бойы әртүрлі міндеттерді орындау үшін пайдалануға болады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Жазғы уақытта бұл техника көшелерді […]
Пікір қалдыру