2024 жылы Мақтаарал ауданы бойынша жалпы 2 мың гектар алқапқа тамшылатып суғару технологиясын енгізу жоспарланған болса, бүгінгі таңда 1,5 мың гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілген. Атап айтқанда 500 гектар мақта, 1000 гектар бақша, көкөніс дақылдары.
Осы орайда жаңа технологияны пайдалана отырып, өнім еккен «Хамро ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде аудандық көлемде семинар-кеңес өткізілді. «Хамро ата» АШӨК биыл 310 гектар алқапқа мақта дақылын тамшылатып суғару технологиясы арқылы егіп, бүгінде өнімін жинауға кіріскен. Жалпы өнімділік 1 гектарға 58-60 центнерді құрап отыр. Ал ауданның орташа өнімділігі — 26,2 центнер. Шаруалардың айтуынша, су көлемі біршама үнемделіп, өнім көлемі 2-2,5 есеге артқан. Сонымен қатар, тамшылатып суғару технологиясын енгізген шаруаларға мемлекет тарапынан кеткен шығынның 80%-ы субсидия ретінде өтелетін болады.
Биыл Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік «Longshuntai» компаниясының өкілімен кездесті. Кездесу барысында әріптестік орнату, жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселесі қаралды. Инвестор Арыс қаласында тамшылатып суару әдісі арқылы жеміс пен көкөніс өнімдерін өндіруді көздеп отыр. […]
Түркістан қаласында 25 қазан — Республика күні мерекесі қарсаңында интеллектуалды ойын өтті. Шара облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң бастамасымен ұйымдастырылған. Шараға «Конгресс Холл «көпсалалы кешенінің директоры Асқар Кенехан мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының […]
Бәйдібек аудандық полиция бөлімі жанындағы қызметкерлер ведомствоаралық жұмыс тобы және аудандық гендерлік саясат комиссиясының мүшелерімен бірлесіп, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты маңызды әлеуметтік шараға белсенді түрде атсалысты. Бұл бастама қоғамда отбасы құндылықтарын дәріптеу, зорлық-зомбылықтың алдын алу […]
Пікір қалдыру