Түркістан облысында инвестиция тартуға, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына жасаған жұмыс сапарында осы саладағы бастамаларды тағы бір пысықтады.
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев өңірге жеке қаражатын салып, ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті инвесторлармен екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Алдағы уақытта, ауданда «Exclusive Story Montazh» компаниясының қорғасын зауытын құру жобасы арқылы 500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Инвестициялық құны 5 млрд теңгеге бағаланып отырған жоба арқасында өңірдегі жұмыссыз азаматтардың саны біршама азаймақ. Сонымен қатар, «ЮгСтройТехнология» компаниясының газ-бетон блоктарын шығару жобасы арқылы да тағы 80 азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Инвестициялық құны 1,2 млрдтеңге.
«Инвесторларды өңіріміздің дамуына ықпал етуге шақырамын. Келісім екі жаққа да тиімді болады деп сенемін. Аталған екі зауыт арқылы ауданымыздың 600-ге жуық тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Өңірге инвестициялық жобаларды тарту жұмыстары жалғасатын болады»- деді Азат Әбдіғалиұлы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйінің» жұмысымен танысты. Президенттің арнайы тапсырмасымен салынған кешенде «Қоғамдық келісім» мекемесі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, сондай-ақ аймақтағы 11 […]
Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында «TURKISTAN Sky auto fest – 2024» іс-шарасы басталды. Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара аясында автокөліктер көрмесі, әуе шарларын ұшыру, қолөнершілердің шеберлік сағаттары, гасторномиялық шоу, концерттік бағдарлама ұсынылды. Іс-шараға […]
Республика бойынша тұрғын үй кезегінде 650 мыңға жуық азамат тіркелсе, оның 65 мыңнан астамы Түркістан облысының азаматтары. Бұл елдегі ең үлкен көрсеткіш. Баспана кезегінде тұрғандардың басым бөлігі көпбалалы отбасылар, әлеуметтік осал топтағылар. Биыл тұрғындарды баспанамен […]
Пікір қалдыру