Түркістан облысында инвестиция тартуға, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына жасаған жұмыс сапарында осы саладағы бастамаларды тағы бір пысықтады.
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев өңірге жеке қаражатын салып, ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті инвесторлармен екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Алдағы уақытта, ауданда «Exclusive Story Montazh» компаниясының қорғасын зауытын құру жобасы арқылы 500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Инвестициялық құны 5 млрд теңгеге бағаланып отырған жоба арқасында өңірдегі жұмыссыз азаматтардың саны біршама азаймақ. Сонымен қатар, «ЮгСтройТехнология» компаниясының газ-бетон блоктарын шығару жобасы арқылы да тағы 80 азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Инвестициялық құны 1,2 млрдтеңге.
«Инвесторларды өңіріміздің дамуына ықпал етуге шақырамын. Келісім екі жаққа да тиімді болады деп сенемін. Аталған екі зауыт арқылы ауданымыздың 600-ге жуық тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Өңірге инвестициялық жобаларды тарту жұмыстары жалғасатын болады»- деді Азат Әбдіғалиұлы.
Түркістан облысында провизорлық және инфекциялық орындар саны екі есеге азайған. Түркістан облысында індетке қарсы күрес жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Өңір бойынша инфекциялық төсек орындар саны 440 болса, бүгінде оның саны 225-ке қысқарған. Сондай ақ […]
Арыс қаласы Монтайтас ауылының жас өнерпаздарынан құралған «Нұр шашу» би тобы республикалық жарыста алғашқы орыннан көрініп, 2021 жылы Түркия елінде болатын сайысқа жолдаманы жеңіп алды. «Нұр Шашу» би тобы бұған дейінде республика көлемінде ғана […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендердің оқушылары эвакуациялық орталықтарда қашықтықтан оқыту жүйесімен білім алуды жалғастырып жатыр. Аудан аумағындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарында жалпы 5 мектеп орналасқан. […]
Пікір қалдыру