ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткендей, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы жүріп жатқаны белгілі. Бұл тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастамаға айналды. Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын қызу қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр.
Бүгінгі таңда қалада қоршаған ортаның тазалығына, экологияның жақсаруына, қаланың көркейіп, тұрғындардың денсаулығына тікелей әсер ететін шараларға ерекше мән берілуде. Әсіресе «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатқан сенбіліктер қала тұрғындарының арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруда маңызды рөл атқарып келеді.
Халық даналығында «Тазалық – иманның жартысы» деген нақыл сөз бар. Бүгін Қазығұрт шағын ауданындағы №86 мектептің маңында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізілді. Іс-шара барысында мектеп аумағы мен оның айналасындағы көшелер қоқыстан тазартылып, ағаштарға күтім жасалды. Акцияға мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар және жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Тұран ауданы коммуналдық мекемесі мен «Шымкентспецкомплекс» ЖШС жұмысшылары арнайы техника, құрал жабдықтарымен жұмылдырылды.
-Кез келген сенбілік тек қоқыс жинаумен ғана шектелмейді. Ол адамдарды біріктіруге, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Ортақ істі қолға алған әрбір адам қала тазалығына өз үлесін қосу арқылы өзара түсіністікті, ауызбіршілікті нығайтады. Тұрғындары осы сенбіліктер арқылы ортақ мүдде жолында біріккенде, нәтижесінде таза әрі әдемі қалаға айналады. Мұндай шаралардың тәрбиелік мәні зор, балаларға үлгі көрсетіліп, қоршаған ортаны қадірлеуге үйретеді. Әр сенбілік қаламыздың көркеюіне үлес қосатын қадам, ал экологиялық мәдениет қалыптастыру болашақ ұрпаққа жасаған қамқорлығымыз деп білеміз, — дейді аудан тұрғыны Айша Әлжанова.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы уақытша шара емес, бұл – ел болашағы үшін маңызды бастама. Мұндай бастамалар тек акциялармен шектелмей, тұрақты түрде ұйымдастырылып, жалғасып тұруы қажет шара.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өткен аптада жылыжай иелерімен кездесіп, өндірген өнімдерін сауда орындарында тікелей шығаруға келіскен болатын. Бүгіннен бастап кәсіпкерлерге «Қазыбек» базарынан арнайы орын беріліп, жылыжайдан жиналған көкөністер саудаға қойылды. Қала әкімінің бастамасымен «Шарипов», […]
Баршаңызға мәлім, өткен жылдың соңында Қытайда тіркелген короновирус індеті жер-жаһарды біраз әбігерге салды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы жаңа вирусты пандемия деп жариялап, барлық елдерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 15 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда жалпы 14 […]
Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімі — тек жауынгерлік дайындыққа мән беретін бөлім ғана емес, сонымен қатар спорт арқылы рухты шыңдап, ел абыройын асқақтататын үздік сарбаздарды даярлайтын орда. Бұл бөлімде бүгінде республикалық […]
Пікір қалдыру