Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеу барысы жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді.
Осыған дейін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қаламызға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеп, талқылауға салуды тапсырған болатын. Ерекше мәртебе берудің маңыздылығы — Түркістанның тарихи қас-келбетін, ескерткіштері мен мұраларын сақтап, келешек ұрпаққа жеткізуге, туризмі мен қолөнерін, экономиксын дамытуға серпін беріп, жаңа мүмкіндіктер ашпақ.
Бүгінде ҚР Парламентінде арнайы жұмысшы топ құрылып, құрамына депутаттармен қатар бірнеше министрлік өкілдерін қамтыған. Олардың қатарында Нұрлан Әуесбаев, Темір Қырықбаев, Ерлан Әбдиев, Ұласбек Сәдібеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова бар.
Аталған Заң жобасы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі Түркістан облысына сапарында берген тапсырмасына және 2023 жылғы 10 сәуірдегі қарарына сәйкес әзірленген. Оны әзірлеуге Түркістан қаласының Түркі мемлекеттері ұйымы мен түркі әлемінің рухани астанасы ретінде танылуы да негіз болды.
Заң жобасы 4 тараудан және 15 баптан тұрады. Мақсаттары мен міндеттері – Қазақстан Республикасының рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде Түркістан қаласының қалыптасуы, дамуы және жұмыс істеуі үшін құқықтық шарттар құру, сондай-ақ жалпы мемлекеттік маңыздылығын тану; қаланың тарихи-мәдени маңызы бар, соның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бүкіләлемдік мұра объектісінің қорғау аумағында орналасқан ескерткіштер мен объектілерді басқару мен сақтаудың оңтайлы жүйесін құру. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және рухани объектілердің киелілігін сақтау – Заң жобасының негізгі қағидаттары.
Түркістан өңірінің аудан, қалаларын дамыту жұмыстары жүруде. Оның ішінде Түркістан қаласына ерекше көңіл аударылған. Жұмыстар нәтижесінде көрсеткіштер жақсаруда. Өнеркәсіп өнім көлемі 19 902,5 млн. теңге, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 11 845,6 млн. теңге немесе 107,8%-ды құрады. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі 3466,3 млн. теңге немесе НКИ 104,0% құрады, жылыжайлар – 1,5 га. 2024 жылдың қаңтар-шілде айының қорытындысымен 22 002 бірлік шағын және орта бизнес тіркелген. Қалаға 163 185,4 млн. теңге (138,3%) инвестиция тартылған. Оның ішінде жеке инвестиция 104 508,9 млн. теңгеге ұлғайған. Құрылыс жұмыстары: 109 858,5 млн. теңгені құрады. Пайдалануға берілгені – 152 257 шаршы метр оның ішінде 82 426 шаршы метрі жеке тұрғын үйлер есебінен салынған
Қалаға келетін туристер саны артып келеді. Туристер мен зиярат етушілер саны 2023 жылы 1 015 211 адам болса, 2024 жылдың 6 айында 752121 адам келген. Шетелден 2022 жылы 7113 адам келсе, 2023 жылы 12 169 адам мейман болған. Ал 2024 жылдың 6 айының өзінде шетелден 13 732 турист келіп отыр.
Облыс орталығында «Бекзат» тұрғын алабының 1999 жылы туған азаматтары кіші футболдан құрдастарын еске алу турнирін ұйымдастырды. Жарыстың ашылу салтанатында ел ағасы Дәулеткерей Оспанов, «Бекзат» мешітінің бас имамы Ғалымжан Аташев, марқұм Абай Сәбитұлының ата-анасы сөз сөйлеп, […]
Осы жылдың 13-19 желтоқсан аралығында Түркістан облысы әкімдігі жыл соңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауының алдын-алу мақсатында облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің қызметкерлерімен бірігіп рейдтік шара өткізді. Арнайы топ Түркістан қаласындағы «Қуаныш», […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту. Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті. Өйткені, […]
Пікір қалдыру