ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: АУДАНЫ ӘКІМІ ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

Еңбекші  ауданы әкімі Досбол Күзбікбайұлы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, олардың сапалы жүзеге асырылуын қадағалап келеді. Бұл бағытта аудан басшысының түрлі шараларға қатысуы мен тұрғындармен кездесулер өткізуі ерекше маңызға ие. Соңғы уақытта атқарылған жұмыстар мен жоспарлар ауданның инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Бірқатар маңызды жобалар қатарында «Азат» шағынауданындағы балалар ойын және спорт алаңшаларының құрылысы бар. Аталған үш мекен-жайда жүргізіліп жатқан жұмыстарға аудан әкімі Досбол. Есілбек жеке барып, құрылыс барысын бақылап қайтты. Мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытында орындауды тапсырды. Сондай-ақ, тұрғындардың талап-тілектерін ескере отырып, құрылыс жұмыстарын заң аясында жүргізу қажеттілігіне баса назар аударды. Балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын алаңдары мен спорт алаңшалары – кез келген шағынауданның маңызды элементі, бұл балалардың уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Одан бөлек, аудан әкімі «Еңбекші» КММ тарапынан Көксай-2 шағынауданының тұйық көшелерін асфальттау жұмыстарының барысын да бақылап қайтты. Тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, аталған аумақтағы көшелерді жөндеу мәселесі көптен бері көтеріліп келе жатқан болатын. Аудан басшысы жауапты мамандарға бұл жұмысты уақытылы әрі сапалы түрде аяқтауды тапсырды. Бұл шара тұрғындардың көлік қатынасы мен көшелердің жағдайын айтарлықтай жақсартып, олардың өмір сүру деңгейін арттырады.

Досбол Есілбек аудан орталығын аралау барысында тұрғындармен кездесіп, әлеуметтік желілерде көтерілген мәселелерді саралап, әрқайсысына жеке көңіл бөлді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан айтылған мәселелердің бірі – балалар ойын алаңшаларының құрылысы мен көпқабатты үйлер арасындағы аяқ жолдардың жағдайы болды. Сондай-ақ, көшелерді жарықтандыру мен көгалдандыру мәселелері де назарға алынды. Аудан әкімі жауапты мамандарға бұл мәселелерді шешу үшін нақты тапсырмалар берді.

Жоғарыда аталған жұмыстармен қатар, Еңбекші ауданының әкімі  Елшібек батыр көшесінде салынып жатқан гүлзардың құрылыс барысымен танысты. Сондай-ақ, көшелердің тазалығы мен жарықтандыру жұмыстары да бақылауға алынған болатын. Қала аумағының таза әрі әдемі болуы үшін бұл жұмыстардың маңызы зор. Досбол Есілбек жауаптыларға барлық жұмыстарды жүйелі түрде атқаруды, тұрғындардың талап-тілектеріне сәйкес ретке келтіруді тапсырды. Тұрғындардың өтініштеріне жауап ретінде, кәсіпкерлік нысандар тарапынан орын алып жатқан кемшіліктер бойынша да ескертулер жасалды.

Досбол Есілбек аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесе, «Айдын» көшесі тұрғындарымен кездесу өткізіп, көшені орташа жөндеуден өткізу үшін бірінші асфальт қабатын төсеуге ықпал етті. Мердігерге жұмыстарды сапалы орындау және тұрғындардың ұсыныстарын ескеру қажеттілігі айтылды. Бұл көше де аудан тұрғындары үшін маңызды жол болып табылады, сондықтан оның жөндеу жұмыстарының сапасы ерекше қадағалауды қажет етеді.

Әрбір тұрғынның пікірін ескере отырып, ауданның инфрақұрылымдық мәселелерін шешу, көше жөндеу, балалар алаңдарын салу, көшелерді жарықтандыру секілді жұмыстарды сапалы атқару – аудан әкімінің басты назарында. Аудан басшылығының тұрғындармен бірлесе атқарған жұмыстары қаланың көркеюіне, инфрақұрылымның жақсаруына және экологиялық жағдайдың дұрысталуы үшін маңызды қадам болып табылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*