Қоғамның қай саласына көз салсақ та тағдыр талқысына түсіп, өмір мүмкіндігін шектеген кезде де, жанын кірлетпеген, рухы биік жандарды кездестіріп қаламыз. Ерекше жандар үшін Қазақстан кедергісіз кеңістікке айналғалы қашан. Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Жігер» абилитациялық іс-шарасы өтті.
Жобаның мақсаты мүгедектігі бар адамдар арасында мотивациялық абилитациялық шоу ұйымдастырып, оларды шабыттандыру және жаңа мүмкіндіктерді ашуға қолдау көрсету.
Шара барысында Түркістан қаласының әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы барша өнерпаздарға сыйлықтар табыстап,алғыс хатпен марапаттады.
Сонымен қатар шарада Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нурашев Нұржан қатысты. Жобаның бірінші бөлімінде мүгедектігі бар адамдар арасында Пауерлифтинг, Пара күресшілер, Шахмат, Қолкүрес, Бочча спорт түрі бойынша спортшылар марапатталды.
Жобаның екінші бөлімінде мүгедектігі бар өнерпаздар сахна төрінде ән шырқап,би билеп және поэзия оқыды. Аталмыш жобада Жамбыл облыстық маслихатының депутаты, «Шебер шаңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бексұлтанова Анар Сағынтайқызы TedX форматында өзінің өмір жолындағы жетістіктерімен бөлісіп, түрлі кедергілер мен қиындықтан шығу жолдары жайында тәжірибелік ойымен бөлісті.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар табысты тұлғалардың қатысуымен TEDx форматындағы сессия ұйымдастырылды.
Өмірге құштар адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлініп келеді. Оларды қоғамға бейімдеу үшін өткеріліп жатқан шаруа қарқынды. Әсіресе тең қоғам қалыптастыру жолында ерекше жандарға қолын созып, көмек беріп жүрген жаны жайсаң жандар көп.
Мүмкіндігі шектелсе де, адамның ойы мен санасын, қабілетін шектей алмасың анық. Оларға көмек көрсетіп, қол ұшын созу – тең қоғам қалыптастыру жолындағы ізгі әрекет. Мәселен, Түркістан қаласында «Жігерлі жүрек» мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігінің бастамасымен бір жылда сексенге жуық мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың ата-аналарының қатысуымен мерекелік концерттік іс-шара ұйымдастырылған. Шарада балалар өз өнерлерін көрсетіп, бірлестік тарапынан сыйлықтарға ие болды. Балалардың бақыты – көңілге медет. Осы сипаттағы шаралардың жиі болуы ерекше балалардың қабілетін шыңдап, бақытын еселерін және ата-аналардың да көңіліне медет болады.
Түркістан қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен әйелдерге арналған “Ресурсты ана – сау ұрпақ” тренингі өтті. Жоба жетекшісі “Дара Медиа” орталығының басшысы Халдарбек Рухабза. Салтанатты жиынды қала әкімінің орынбасары Мекенхан […]
Облыс орталығындағы «Яссы» спорт кешенінде «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушылар спорттың төрт түрінен бақ сынады. Атап айтсақ, 2 кезеңнен тұратын шағын футболдан турнир мен командалық арқан тартыс, […]
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың айтуынша, алдағы уақытта Түркістан көшелерінде сыртқы жарықтандыру желісі мүмкіндігінше жаңартылады. Жыл соңына дейін көшенің 24 пайызы жарықшамдармен қамтылады деп күтілуде. Аймақ басшысы бұл күні облыс орталығында жаңадан бой көтерген «Ақжайық» […]
Пікір қалдыру