АБАЙ АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

2024 жылы Абай ауданында инфрақұрылымдық жобалар аясында жолдарды асфальттау, көшелерді жарықтандыру және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы Абай ауданы әкімі Сұлтанхан Асылханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баяндады.
Абай ауданының 2024 жылы абаттандыруына ерекше көңіл бөлінді. Ауданның әкімдік аппаратына жалпы 3,88 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржы мерекелік іс-шаралар, елді мекендерді абаттандыру, балалар және спорт алаңдарын салу, көшелерді жарықтандыру сияқты түрлі жобаларға бағытталған.
Шымкенттің шырайына көше жарықшамдарының да үлесі басым. Ауданда жарықтандыру мәселесі оң шешімін тауып келеді.  2024 жылы 13 көше жарықтандырылып, жарықтандырылған көшелер саны 193-қа жетті. Жарықпен қамту көрсеткіші 15,1 пайызды құрады. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауданда 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 254 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 1,2 млрд.тг қаржы қаралды. Жұмыстар қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылуда. Мердігер мекеме «ӘлемТрансЖол» ЖШС.
Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 22 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 18 балалар алаңы және 2 спорт алаңы салынып, пайдалануға берілді. Бұл жобаларға 491,2 миллион теңге қарастырылды.

Сондай-ақ, 22 көшеге 15 шақырым аяқ жол салуға – 200 млн.тг, бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Ауданда 1274 көше бар, олардың жалпы ұзындығы 1080,1 шақырымды құрайды.

Оның ішінде:
• асфальт жолдар – 573 шақырым (48,5%);
• тас жолдар – 450,2 шақырым (25,7%);
• топырақ жолдар – 57 шақырым (2,8%).

Аудан аумағына 20 қоқыс алаңшасын орнату және орталық көшелерге 363 дана қоқыс жәшіктерін орнатуға – 66,3 млн.тг қаржы қаралған.  Бүгінгі таңда қоқыс жешіктеріне қатысты мәселелер оң шешімін тауып, толығымен жұмыстар аяқталған.

Абай ауданы бойынша «Таза өлке», «Киелі мекен», «Өнегелі ұрпақ», «Жасыл аймақ», және «Мөлдір бұлақ» акциялары аясында тазалық жұмыстары белсенді ұйымдастырылды.

Нақтырақ айтсақ, Асар ш/а, Шымсити ш/а, А.Асқаров атындағы Дендросаябақ, Қызылжар т.а, Игілік т.а, Көкбұлақ т.а, Алтынтөбе т.а және Бәйдібек би даңғылы мен А-2 тас жолы, Қошқар ата, өзені, жалғызлікті қариялардың үй аулалары т.б. аумақтар тазалық акциясы барысында қалыпқа келтірілір, абаттандырылды. Тазалық жұмыстарына 2170 арнайы техника жұмылдырылды. 50 мыңнан аса адам тазалық жұмыстарына қатысты. 540 шақырым көше, 184 шақырым аяқжолдар тазаланды. 5400 дана ағаш әктеліп, қураған бұтақтары кесіліп, ретке келтірілді. Тазалық нәтижесінде 1760 тонна қоқыс шығарылды. 124 шақырым ирригациялық жүйелер тазаланып, 430 дана аялдамалар жуылды. 68 дана орындықтар, аялдамалар сырланып, жаңартылды. Аудан аймағындағы екі тарихи-мәдени,ескерткіш жуылып, айналасы абаттандырылды.

Абай ауданының инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы бұл жұмыстар аудан халқының өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*