Ауданда абаттандыру жұмыстары бойынша ауқымды істер атқарылып келеді. Жалпы аудан аумағында 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген.
2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысып келеді деген сөз.
Нақтырақ айтар болсақ, 2023 жылы тұрғындар ұсынысы ескеріліп, 27 балалар ойын алаңшасы орнатылды. Ал 2024 жылы 47 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 17 мекен- жайда балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланды. Қазіргі таңда 11-і аяқталып, тұрғындардың пайдалануына тапсырылды. Қалғандарында жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, абаттандыруды қажет ететін 36 ауланы абаттандыру 2025 жылға жоспарлануда.
Сонымен бірге аудан тұрғындарын спорт алаңшаларымен қамтамасыз етіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға да ауданда бар жағдай жасалынып келеді. 2022 жылдың қорытындысымен спорт алаңшалар саны 107 болды. Қала аумағында жаңа «Тұран» ауданының ашылуына байланысты Еңбекші ауданы аумағынан Әл-Фараби ауданы әкімшілік шекаралық аумағына 58 дана ашық спорт алаңшалары тапсырылды. Қазіргі таңда аудан аумағында 56 дана ашық спорт алаңшалары орналасқан. 2023 жылға 7 спорт алаңшасын орнату жоспарланып, тұрғындардың пайдалануына тапсырылды.
көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын көріктендіру жұмыстары қолға алынып, сертификатталған, сапасы бала денсаулығына зиян келтірмейтін қондырғылар қойылуда. Ең бірінші қойылатын талап балалардың қауіпсіздігі екенін ескеріп, ойын алаңшасының төсенішіне дейін стандартқа сай болу қажет. Бұл қала басшылығының тікелей тапсырмасы. Себебі сапасыз қондырғылар өсіп келе жатқан жеткіншектердің өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Айта кетейік, қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы тұрғындармен кездесу барысында осы ойын алаңшаларын салу және оның сапасын қадағалау айтылған болатын.
«Еліміздің келешегі – бүгінгі ойын балалары. Сондықтан да біз көп жағдайда олардың талап-тілегімен санасып, сұранысын қанағаттандыруға тиіспіз. Балалар ойнайтын, тіпті ересек адамдардың өзі демалатын алаңдарды көптеп салуымыз керек. Ойын алаңына орналастырылған жаңа жабдықтардың барлығы жоғары сапалы және біздің тарапымыздан балалардың жан-жақты қауіпсіздігі де ескерілді. Ол біздің келешегіміз үшін», –деген қала әкімі.
Ал бұқаралық спортты дамыту мақсатында 8 спорттық алаңша жұмысы қолға алынып,бүгінде 3-еуі тапсырылды. 5 алаңшада жұмыстар жоспарлы жүргізілуде.
Сонымен бірге, аудан тұрғындарының жайлылығы ескеріліп Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан 2024 жылы 5 гүлзар салу жоспарлануда. Мердігер мекемелермен келісім шарттар түзіліп, жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Тағы бір айта кететін жайт, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес «ВI Group» ЖШС-нің демеушілігімен Жібек жолы көшесінің бойынан қала тұрғындары мен қоңақтарына арналған қоғамдық кеңістік құрылды.
Шымкент қаласының өнерпаздары Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап тосынсый ұйымдастырды. Нақтырақ айтқанда, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын аралап майдангер қарттарға арнап мерекелік концерт өткізді. Бұл Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту […]
Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағындағы елдімекендердің тұрғындарына шомылу маусымында басты қаперге ұстар қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Жыл сайын шомылу маусымы кезінде талай адам суға кетіп, аяқ астынан қайғылы жағдай орын алып жатады. Осындай оқиғалардың алдын алу […]
Тарих бетінде қастерлі күн саналатын 31-мамыр «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» 23 жылдан бері тұрақты түрде аталып өтіп келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылы атаулы күн ретінде белгіленген бұл дата еліміздің өткен […]
Пікір қалдыру