ШЫМКЕНТ: «CALL ОРТАЛЫҚ» 10 КҮНДЕ 13253 ҚОҢЫРАУҒА ЖАУАП БЕРДІ

person using a landline phone in an office

Коронавирус инфекциясына байланысты ел аумағында жарияланған төтенше жағдайға орай, Шымкент қаласы тұрғындарын мазалаған мәселелелер бойынша туындаған сауалдарға шұғыл әрі тұщымды жауап беру мақсатында арнайы «Call орталық» жұмысын бастаған болатын.
Айта кету керек, орталық мамандары 22 наурыз бен 9 сәуір аралығында қоңырау шалған 8707 азаматқа жауап берсе, 9-19 сәуір аралығындағы он күнде тұрғындар қойған 13253 сауалды тыңдап, нақты жауап беріп үлгерді.
Өз кезегінде орталықтың 39-50-55 нөміріне жалғанған көпканалды телефон тұтқасында отыратын сала мамандары әрбір азаматтың айтқан сауалына байланысты кәсіби көмек көрсетіп жатқанын ерекше айта кеткен абзал.
2020 жылғы 9-19 сәуір аралығында Шымкент қаласындағы «Сall орталыққа» түскен сауалдар:
• Кәсіпкерлік және қала ішіндегі қозғалыс туралы– 6536;
• Коммуналдық мәселелер бойынша – 2351;
• Әлеуметтік көмек жайлы – 2310;
• Блок-бекеттер туралы – 1173;
• Жолдардың жабылуы мен тасымалдау бойынша – 719;
• Денсаулык сақтауға қатысты – 119;
• Дезинфекциялау, қашықтан оқыту және т.б. мәселелер жайлы – 45.

Шымкент қаласының төтенше
жағдай жөніндегі штабы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*