Шымкент: ҚР Денсаулық сақтау министрі перзентханадағы жөндеу жұмыстарымен танысты

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және қала әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан перзентхананың жұмысымен танысты. Мұндағы жұмыстың сапасын көріп шықты. Перзентханаға қарасты 6 корпуста күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта 2 корпуста жөндеу жұмыстары аяқталған. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін перзентхананың материалдық-техникалық жағдайы толық 100 пайыз жаңартылады. Сөйтіп нәтижесінде  ана мен балаға сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндігі артпақ. «Бұл перзентханада жылына орта есеппен 9 мың босандыру болса,  жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін перзентханада жылына 10 мыңнан аса ананың босануына мүмкіндік жасалынады,»- деп мәлімдеді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Кездесу барасында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы қажетті медицина мамандарының қамтылуы деңгейі жөнінде сұрап білді. Сондай-ақ шұғыл медициналық көмек көрсететін реаниматолог, хирург, акушер-гинеколог сынды мамандардың Денсаулық кодексі бойынша мәртөбесін қолдау қажеттігін ерекше атап өтті.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*