Шымкент қаласында қауіпті індеттің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр.
Елімізде әлемдік пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдай мерзімі 2020 жылғы 11 мамырда аяқталғаны белгілі. Алайда тұтас елде шектеу шаралары біткен жоқ. Ширатып айтсақ, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес Шымкент қаласының аумағында 11 мамыр сағат 00:00-ден бастап, 2020 жылдың 25 мамыр 07:00-ге дейін карантин режимі ұзартылған.
Осыған орай, Қаратау ауданы әкімінің төрағалығымен тиісті мекеме басшыларының қатысуымен тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша жиналыс ұйымдастырылды. Басқосуда короновирус инфекциясының кең таралып кетуіне жол бермеу, халықтың бір жерге көп шоғырлануының алдын алу, санитарлық-эпидемиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, аудан аумағында дезинфекция жұмыстарын күшейту сынды бірқатар ортақ мәселелер ортаға салынды. Тиісті мекеме өкілдері мен құзырлы органдар қызметкерлері басқосқан жиында міндеттер бекітіліп, мақсаттар айқындалды. Сөйтіп аурудың алдын алу мақсатында сақтық шараларын тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Пікір қалдыру