Шымкенттік оқытушы республикалық байқауда топ жарды

Шымкент қаласында еңбек ететін оқытушы республикалық байқауда жүлделі орынға ие болды. Осы жылдың 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында елдегі төтенше жағдай мерзімінде Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Қазақ тілін үйретуге арналған ең үздік подкаст» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Республикалық байқауға еліміздің түкпір түкпірінен білікті де білімді 29 әдіскер-оқытушы подкаст ұсынды.

Аталған сайыста жерлесіміз жүлделі орынды қанжығасына байлады. Шымкент қалалық Тілдерді дамыту әдістемелік орталығының оқытушысы Гүлнәр Есепбаева жүлделі үшінші орынға ие болды.

Айта кетерлігі, осы Республикалық байқауға ұсынылған радиохабарламалар форматындағы аудиофайлдар тіл үйреніп жүрген азаматтарға таптырмайтын оқу материалы. Тіл үйренушілер бос уақыттарында қазақ тіліндегі ақпараттарды тыңдау арқылы тілдік ортаға бойлап, тыңдалым дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болады. Республикалық байқаудың да мақсаты бұқараға тіл үйренудің тетіктері мен әдістерін барынша оңтайлы етіп жеткізу. Шымкенттік оқытушыны жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*