Бүгін Еңбекші ауданында санитарлық тазалықты жақсарту және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараға аудан әкімі аппараты, «Еңбекші» КММ, «Группа Интеко» ЖШС қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, кәсіпкерлер, қоғам өкілдері, мемлекеттік және жекеменшік мекемелер қызметкерлері, еріктілер мен белсенді жастар қатысты. Жалпы 21 техника мен 1400-ден астам адам еңбек етті.
Бұл сенбілік – тек қаланың тазалығын сақтау ғана емес, тұрғындардың бірлік пен жауапкершілік танытуы тұрғысынан маңызды шара болып табылды. Жиналған топ қураған ағаштарды кесіп, сарғайған шөптерді жұлып, көшелерді қоқыстардан тазартты. Әсіресе, көше бойындағы шөптер мен ағаштарды қырқу жұмыстары ерекше назарға алынды. Көптеген ағаштар уақыт өте келе қурап, көшелерді абаттандыруға кедергі келтіріп тұрды. Қолмен атқарылған бұл жұмыстар ауданның көркіне үлкен үлес қосты. Сенбілікке қатысушылар жиналған қоқыстарды арнайы техникаларға тиеп, ауданның түрлі бөліктеріндегі көшелерді, аулаларды тазалап шықты.
Еңбекші ауданындағы тазалық жұмыстарын жақсарту үшін осындай шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Экологиялық мәселелерді шешу және қаланың көркеюі үшін көгалдандыру маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Осы сенбілікке қатысқан тұрғындардың айтуынша, көше бойындағы ағаштар мен жасыл желектер ғана емес, таза ауа мен көгалды алаңдар да тұрғындардың денсаулығына әсер етеді. Олар өз пікірлерінде экологиялық мәдениеттің қалыптасуының маңызды екенін, әрбір азаматтың өз аумағын таза ұстап, көгалдандыру жұмыстарында белсенді болу керектігін атап өтті.
Еңбекші ауданында соңғы уақытта көгалдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Мұнда тек қана тазалық жұмыстары емес, көшелерді көгалдандыруға бағытталған жобалар да іске асырылуда. Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жаңадан ағаштар отырғызылып, саябақтар мен гүлзарлар құру жұмыстары қолға алынды. Мысалы, осы сенбілік барысында ағаш отырғызу жұмыстары да атқарылды. Әрбір ағаштың, әрбір гүлзардың орны мен маңызы үлкен. Тазалықты сақтау және көгалдандыру шаралары өзара тығыз байланыста, себебі жасыл желектер ауаны тазартып, тұрғындардың денсаулығына оң әсер етеді.
Тұрғындар сенбіліктер мен экологиялық тазалық жұмыстарын тек қаланың көркеюіне ғана емес, олардың өз өмір сүру сапасын арттыруға да үлес қосатын шара деп санайды. Осы күні олар белсене қатысып, ауданның тазалығын сақтау үшін қолдарынан келгенше еңбек етті. Көптеген тұрғындар өз сөздерінде сенбілікке қатысудың өздері үшін маңызды екенін, осы арқылы өздерінің және өзгелердің денсаулығына қамқорлық жасап отырғандарын білдірді. Көшелер мен аулалардың таза болуы ғана емес, көгалдандырылған және көрікті аумақтар қаланың эстетикалық тұрғыдан да жоғары деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілген осындай шаралар арқылы тұрғындар арасында экологиялық мәдениет қалыптасып келеді. Сенбілікке қатысушылардың айтуынша, бұндай шаралар тек қаланың көркін ғана арттырмайды, олар адамдардың қоғамға деген жауапкершілігін арттырады. Өз кезегінде тұрғындар менбілікке қатысушыларға су мен тіскебасар таратты.
Көгалдандыру жұмыстары қала тұрғындары үшін өте маңызды. Көшелердегі жасыл желектер мен ағаштар тек эстетикалық көзқараспен ғана емес, ауа сапасын жақсарту мен денсаулықты сақтау тұрғысынан да үлкен рөл атқарады. Тазалықты сақтау, ағаш отырғызу, гүлзарлар құру – барлығы да Шымкент қаласының экологиялық ахуалын жақсартуға септігін тигізеді. Сенбіліктер тек бір күндік шара емес, қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналған тұрақты іс-шараларға айналуы тиіс.
Жергілікті тұрғындар да бұл шараларға белсене қатысуға ниетті екендерін айтып, болашақта да сенбіліктер мен көгалдандыру жұмыстарына қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Тазалық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруда тек мемлекеттік мекемелер ғана емес, әрбір азаматтың, әсіресе жастардың рөлі өте маңызды. Белсенді жастар мен еріктілердің қатысуы, олардың осындай шараларға деген ықыласы жас ұрпақтың экологиялық мәдениетінің қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
Пікір қалдыру