Шардара ауданының палуаны, боз кілемнің батыры Құлмырза Бексұлтан Нұрланұлы Астана қаласында өткен пара дзюдо бойынша Әлем чемпионатында J2 санаты бойынша топ жарып, Түркістан облысы тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Бұл – тек Бексұлтанның ғана емес, бүкіл аудан мен облыстың мерейін үстем еткен үлкен жеңіс.
Аталған әлем чемпионатына 38 елден 300-ден астам спортшы қатысып, өзара үздіктерді анықтады. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. 81 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен шардаралық балуан Бексұлтан Құлмырза татамиге төрт рет шығып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атағына ие болды.
Жеңімпазды ұлықтау мақсатында Шардара ауданында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға аудан тұрғындары, спорт ардагерлері, спортшылар, жанкүйерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Салтанатты жиында алғашқы сөз алған Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев чемпионды тарихи жетістігімен құттықтап, оның табандылығы мен еңбекқорлығына ерекше ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, бұл жеңістің өскелең ұрпақ үшін үлкен үлгі әрі спортқа деген қызығушылықты арттыратынын атап өтті.
Іс-шара аясында аудан әкімі А. Қарсыбаев Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Құлмырза Бексұлтан Нұрланұлына жеңіс құрметіне темір тұлпар сыйлады. Сондай-ақ, чемпионды дайындаған жаттықтырушы – Нұрбол Молдарахметұлы Шаймановқа 500 000 теңге көлеміндегі сертификат табысталды.
Шардара қаласында аудан жастарына арналған маңызды іс-шара – «Қаржылық сауаттылықты арттыру және борышкерлерге құқықтық қолдау көрсету» жобасы аясындағы ашық форматтағы семинар өткізілді. Жастардың қаржылық және құқықтық мәдениетін арттыруды көздеген бұл басқосуды «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық […]
Шардара ауданы бойынша 3 елді мекен (Қазақстан, Целинный, Ұзын ата) табиғи газ көзіне қосылған – деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап. Былтыр аймақта 6 нысан құрылысы облыстық бюджет қаржысы есебінен жүргізіліп, пайдалануға […]
ҚР Үкіметінің 208 қаулысымен «2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы» бекітіліп, облыста 2030 жылға дейін тауарлы балық көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланған.Осыған сәйкес, «Ауыл-ел аманаты» бағдарламасы аясында 2023 жылы ауданымызда «Әлібай» Шаруа қожалығы […]
Пікір қалдыру