ҚР Үкіметінің 208 қаулысымен «2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы» бекітіліп, облыста 2030 жылға дейін тауарлы балық көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланған.Осыған сәйкес, «Ауыл-ел аманаты» бағдарламасы аясында 2023 жылы ауданымызда «Әлібай» Шаруа қожалығы несие қаржы алып, жасанды көл қазып балық шаруашылығын қолға алуда.
Тарқатып айтсақ, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ІV бағыт «Балық шаруашылығын дамыту» бойынша жеңілдетілген несие қаржы алуға 14 жоба қызығушылық танытып, «Ырыс» МҚҰ-ның несие комитетінен жалпы құны: 71,950 млн теңгені құрайтын 10 жоба (3-еуі Көксу ауыл округінен) мақұлданып қаржыландырылды. Оның ішінде 8-і тоғанда балық өсіру, 2-еуі көлдер мен көлге торлы шарбақ орнату бойынша.
Ауданда балық шаруашылығын дамыту мақсатында Шардара су қоймасында балық қорын көбейту бойынша 4 учаске (№1 учаске «Нуралы» ЖШС, №2 учаске «VITA» ЖШС, №3 учаске «Шардара-балық» ЖШС, №4 учаске ЖК «Серманизов және К») балық аулау лимиттеріне сәйкес, тиісті жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ ауданда қазіргі таңға балық өнімдерін өндіретін 5 зауыт («Хамит» АӨК, «Шардара балық-1», «Саодат» ЖШС,«Байтерек ББМ» ЖШС, ЖК «Жалғасбаев») жұмыс жасауда. Оларда 2023 жылдың есепті мерзімінде 4925,0 тонна балық өнімдері өндіріліп, алыс және жақын шет мемлекеттерге экспортқа шығарылуда.
Ауданда 2024 жылдың 01 қаңтардағы жағдай бойынша тауарлы балық өсірумен айналысатын шаруашылықтар саны-41 бірлік, оның ішінде 10 шаруашылық жаңадан ашылып, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ІV-ші бағытқа сәйкес іске асырылуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған Жолдауында елімізде балық шаруашылығын дамытудың маңыздылығына тоқталып, Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021-2030 жылға арналған бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырыла бастады. Бағдарлама шеңберінде 2030 жылы елімізде балық […]
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасымен, жергілікті бюджет есебінен қалалық емханаға баратын жаңа жолдың құрылысы аяқталып, пайдаланылуға берілді. Ұзындығы екі жүз отыз бес метрді құрайтын жол аудан тұрғындарының емханаға кептеліссіз келіп-кетуі мен жедел жәрдем көліктері […]
Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылға Шардара ауданында 133 бірлік техника сатып алу көзделген. Бүгінгі таңда бұл меже 1,5 есеге артық орындалып, 206 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы алынған. […]
Пікір қалдыру